Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 13.03.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы N 56 Жарлығы
"Президент пен Үкімет актілерінің жинағында" және республикалық баспасөзде мазмұны жариялануға тиіс
Жарлықтың тақырыбы өзгертілді ҚР Президентінің 15.05.2008 № 593 Жарлығымен. (17.04.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 33-бабының 1-тармағына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН: 
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган ретiнде Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия құрылсын.
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 15.05.2008 № 593 Жарлығымен. (17.04.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы ереже; 
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның құрамы бекiтiлсiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 15.05.2008 № 593 Жарлығымен. (17.04.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
1) бiр ай мерзiмде облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссия туралы yлгi ереженi әзiрлеп, бекiтсiн; 
2) осы Жарлықты iске асыру жөнiндегi өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
3-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 15.05.2008 № 593 Жарлығымен. (17.04.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi жоғарыда аталған әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссияларды құрсын.
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 15.05.2008 № 593 Жарлығымен. (17.04.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 Жарлығында:
"Самақова                   - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны 
Айткүл Байғазықызы            қорғау министрi - Қазақстан                                 Республикасы Президентiнiң жанындағы 
                       Отбасы және әйелдер iсi жөнiндегi                                 ұлттық комиссияның төрайымы" деген жолдағы "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрi" және "Отбасы және әйелдер iсi" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кеңесшiсi" және "Отбасы iстерi және гендерлiк саясат" деген сөздермен алмастырылсын;
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Президентінің 01.02.2010 № 922 Жарлығымен. (15.05.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
3) "Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 сәуiрдегi N 857 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., N 12, 113-құжат; 
Полная версия
ИС BestProfi