1. Қазақстан Республикасы Үкіметіне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның Хатшылығы 8 бірліктен тұратын штат санымен бірге Премьер-Министрі Кеңсесінен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне берілсін.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі N 317 Жарлығы
Президент пен Үкімет актілерінің жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
2. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 31 наурыздағы N 1327 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 15, 184-құжат, N 48, 591-құжат; 2005 ж., N 6, 49-құжат, N 20, 539-құжат; 2006 ж., N 4, 23-құжат, N 15, 140-құжат):
1-тармақтағы "376" деген цифрлар "384" деген цифрлармен ауыстырылсын;
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымы "Мемлекеттік хатшының хатшылығы" деген жолдан кейін "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның хатшылығы" деген жолмен толықтырылсын;
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы N 56 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 56, 39-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереженің 13-тармағындағы "Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің" деген сөздер "Республикасы Президенті Әкімшілігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына:
Аманшаев Ермек Әмірханұлы - Астана қаласы әкімінің орынбасары, Бекжанов Жамбыл Лесбекұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы Хатшылығының меңгерушісі, Жарбосынова Мәдина Бинешқызы - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Иқсанова Гүлнар Мұстахимқызы - "Хабар" агенттігі акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша), Клебанова Дарья Владимировна - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша), Мұқашев Сиязбек Өнербекұлы - Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы (келісім бойынша), Ни Любовь Августовна - Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрының директоры (келісім бойынша), Сейдуманов Серік Тұрарұлы - Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Соловьева Айгүл Сағадибекқызы - Қазақстанның Азаматтық альянсінің президенті (келісім бойынша), Тұтқышев Бексұлтан Серікпайұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) енгізілсін;
аталған комиссияның құрамынан О.А. Асанғазы, Г.К. Аубанова, С.Н. Бурлаченко, Л.А. Васильева, Т.С. Жақыпова, С.Қ. Ысқақова, Ш.Ж. Махмұдова, С.С. Мұстафина, Ә.Г. Мұхамеджанова, Н.М. Сейітова, В.А. Сиврюкова, А.Т. Төлегенова, З.М. Хасанова шығарылсын.
3. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі осы Жарлықтан туындайтын шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бұған дейін шығарылған актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Полная версия