1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 18.06.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 15 мамырдағы N 593 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 43-44, 532-құжат; 2003 ж., N 49, 557-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында:
II бөлімнің 1.2.1-бөлімшесінің соңғы абзацындағы және 1.4.5-бөлімшесінің екінші абзацындағы "Отбасы істері және гендерлік" деген сөздер "Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1677 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 41, 569-құжат; 2006 ж., N 5, 39-құжат):
3-тармақтағы "Отбасы істері және гендерлік" деген сөздер "Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жыл сайын 15 ақпанға Стратегияның іске асырылу барысы туралы Мемлекет басшысын хабардар етіп отырсын.";
5-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
3) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы N 56 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 5, 39-құжат; 2007 ж., N 12, 135-құжат):
Жарлықтың атауындағы және 1-2-тармақтарындағы "Отбасы істері және гендерлік", 3-тармақтың 1) тармақшасындағы және 4-тармақтағы "отбасы істері және гендерлік" деген сөздер тиісінше "Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық", "әйелдер істері және отбасылық-демографиялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:
атауында және 1-тармақта "Отбасы істері және гендерлік" деген сөздер "Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
3) тармақшада:
"гендерлік теңдіктің жай-күйі" деген сөздер "әйелдердің жағдайы мен отбасылық-демографиялық ахуал" деген сөздермен ауыстырылсын;
Полная версия