«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
"Автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 маусымдағы № 563 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған «Автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай еткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 маусымдағы № 563 қаулысымен бекітілген
«Автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1. Қолданылу саласы
1. Осы «Автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі — Техникалық регламент) автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайларға және арнайы сұйықтықтарға қолданылады.
Автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың тізбесі Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына (бұдан әрі — ҚР СЭҚ ТН) сәйкес осы Техникалық регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
2. Техникалық регламент теңіз, темір жол және әуе көлігі құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілемейді.
3. Көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардан тіршілік циклінің процестерінде аулақ болатын, негізгі қауіпті факторлар (тәуекелдер) мыналар:
1) жағармайлар мен арнайы сұйықтықтардың құрамына механикалық қоспалардың және абразивті материалдар бөлшектерінің түсуі;
2) қоршаған ортаның және жабдықтар беттерінің жоғары немесе төмен температурасы;
3) автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтарды ұқыпсыз қолдану, тасымалдау кезінде дұрыс орнатпау, қаптамасына тым ауыр салмақ түсіру;
4) өрттің туындауына себеп болатын, артық жылу мөлшері бөлінуі кезінде қауіпті пайдалану процестері;
5) адамның көзіне, асқазан-ішек жолдарына, шырышты қабықшасына және терісіне түсуі;
6) автомобиль көлік құралдарына арналған жағармайлар мен арнайы сұйықтықтарды пайдалану қасиеттерін нашарлататын телімдердің болуы.
4. Техникалық регламентті қолдану мақсаттары үшін сәйкестендіру өлшемдері мен әдістері мыналар болып табылады:
Полная версия