Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.07.2013
"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы N 598 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылы 30 қарашада N 6656 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2013 жылғы 2 шілдеден бастап ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 13.03.2013 жылғы № 71 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен ұсталатын органдардың штат санын оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар туралы» 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 1072 Жарлығын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында:
5 «Жоспарлау және статистикалық қызмет» функционалдық кіші тобына:
476 бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі мынадай мазмұндағы 001, 002, 003, 100, 106, 107, 108, 109, 115, 123, 124 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
«476 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі
001 Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту және ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
003 Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары
100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
106 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарына арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
108 Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оларға сараптама жасау
109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
115 Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау
123 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою, әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша ағымдағы шығыстарға арналған іс-шаралар жүргізу
124 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою, әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша даму шығыстарына арналған іс-шаралар жүргізу»;
Полная версия
ИС BestProfi