1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
"Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 198 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 17 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6230 болып енгізілді
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығын іске асыру үшін БҰЙЫРАМЫН:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
2 «Қаржылық қызмет» кiшi функциясында:
217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 008 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«008 Бюджеттік инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізу»;
«5 Жоспарлау және статистикалық қызмет» кіші функционалдық тобында:
220 «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 220 «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен ауыстырылсын;
001 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау мен басқару жүйесін қалыптастыру және дамыту жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«001 Экономика және сауда саясатын, мемлекеттік жоспарлау мен басқару жүйесін қалыптастыру және дамыту жөніндегі қызметтер»;
044 «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін материалдық-техникалық жарақтандыру» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«044 Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігін материалдық-техникалық жарақтандыру»;
9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер» кіші функционалдық тобында:
603 «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 603 «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен ауыстырылсын;
001 «Ақпараттандыру және байланыс саласындағы инфрақұрылымды және бәсекелік нарықты дамыту жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«001 Байланыс және ақпарат саласындағы инфрақұрылымды және бәсекелі нарықты дамыту жөніндегі қызметтер»;
Полная версия

