Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.09.2014
Қазақстан Республикасының орнықты даму жөнiндегi кеңесi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 наурыздағы N 345 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысына сәйкес
Редакция 09.04.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының орнықты дамуға тиiмдi көшуi үшiн мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, ведомствоаралық үйлестiрудi және сектораралық ықпалдасуды күшейту жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Қазақстан Республикасының орнықты даму жөнiндегi кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Кеңес туралы ереже бекiтiлсiн.
1) "Рио+10" тұрақты даму жөнiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзiлiк Саммитiне дайындық және 21-ғасырға арналған Қазақстандық Күн Тәртiбiн әзiрлеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 сәуiрдегi N 430 қаулысының;
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi N 922 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 37, 374-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстердiң 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 19 наурыздағы
N 345 қаулысына
қосымша
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (13.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесінің құрамы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Стратегиялық жоспарлау және мониторинг департаментінің директоры, хатшы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі
Полная версия
ИС BestProfi