Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.11.2015
Темекі мен темекі бұйымдарын өндірушілердің және импорттаушылардың есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1368 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 23 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 29.10.2015 жылғы № 862 Қаулысына сәйкес
«Темекі және темекі бұйымдарын өндірушілердің, импорттаушылардың темекінің және темекі бұйымдарының барлық маркаларында никотиннің және шайырлы заттардың рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы темекі бұйымдарының ингредиенттері туралы есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 06.08.2015 жылғы № 655 Бұйрығын қараңыз
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнің 159-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Темекі мен темекі бұйымдарын өндірушілердің және импорттаушылардың есептерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 22 қарашадағы
 № 1368 қаулысымен
 бекітілген
Темекі мен темекі бұйымдарын өндірушілердің және импорттаушылардың есептерді ұсыну қағидалары
1. Осы Темекі мен темекі бұйымдарын өндірушілердің және импорттаушылардың есептерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) темекі және темекі бұйымдарын өндірушілердің және импорттаушылардың есептерді ұсыну тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидалар темекі және темекі бұйымдарын өндіру және импорттау бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
3. Осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес темекі бұйымдарын өндіруші,  импорттаушы темекінің және темекі бұйымдарының барлық таңбаларында никотиннің және шайырлы заттардың рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы, өткен он екі айда Қазақстан Республикасының аумағында өздері шығарған немесе шығаруға ниет еткен, сатқан немесе өзге де жолдармен таратқан темекі бұйымдарының ингредиенттері туралы есептерді жыл сайын келесі жылдың 1 ақпанына дейін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға табыс  етуге тиіс.
4. Ұсынылатын есептер мынадай екі бөліктен тұрады:
1) зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есеп;
2) темекі бұйымдарының ингредиенттері туралы есеп.
5. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есеп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген, стандартталған әдістердің негізінде зерттеулер жүргізген зертхананы көрсете отырып, темекі және темекі бұйымдарының барлық маркаларында шайырлы заттар мен никотиннің шекті рұқсат етілген деңгейінен тұруы тиіс.
6. Ингредиенттер туралы есепте мыналар болуы тиіс:
1) өндірілетін және импортталатын темекі бұйымдарының әрбір түрі бойынша темекіге қосылатын ингредиенттер атауларының жиынтық тізімі. Тізімде әрбір ингредиенттің темекі массасына қатынасы бойынша пайыздағы ең көп үлесі көрсетіледі;
2) темекі өнімдерінің әрбір атауы бойынша темекіге қосылатын ингредиенттер атауларының тізімі, егер мұндай ингредиенттердің үлесі темекі бұйымының массасына қатынасы бойынша сигарет, папирос және шегетін жіңішкелеп кесілген темекі үшін 0,1 пайыздан және темекі бұйымдарының өзге түрлері үшін 0,5 пайыздан аспаса. Үлесі сигарет, папирос және шегетін жіңішкелеп кесілген темекі үшін 0,1 пайыздан және темекі бұйымдарының өзге түрлері үшін 0,5 пайыздан аспайтын ингредиенттердің болуы тізімде «хош иістендіргіштер» деген сөзбен белгіленеді;
3) темекі емес материалдардың құрамындағы ингредиенттер атауларының тізімі. Темекі бұйымының темекі емес материалдарының құрамына кіретін ингредиенттер олардың құрамындағы темекі емес материалдардың санаттары бойынша көрсетіледі.
7. Темекі бұйымы массасының ингредиенттері туралы есепті дайындау кезінде, бір дана темекі бұйымының (сигарет, сигара, сигарилла (сигарита), папирос, биди, кретек) бір бірлігінің (ылғалдылығын ескере отырып) салмағы, шегетін жіңішкелеп кесілген темекінің 750 миллиграмы, өзге темекі бұйымдарының (кальянға арналған темекі, түтік темекісі, шекпейтін темекі бұйымдары) 1 граммы есептеледі. Темекі бұйымындағы ингредиенттің үлесі рецептураға (өзіндік ерекшелікке) сәйкес есептеледі.
8. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы және темекі бұйымдарының ингредиенттері туралы есептер қағаз және/немесе электрондық нұсқаларда ұсынылады.
Темекі мен темекі
 бұйымдарын өндірушілердің
 және импорттаушылардың есеп
 беру қағидаларына
 қосымша
Есепті күнтізбелік жылы Қазақстан Республикасының аумағында өндірушілер немесе импорттаушылар сатқан темекі мен темекі бұйымдарының құрамындағы ингредиенттер туралы есептің нысаны
1. Темекі бұйымдарының әрбір түрі бойынша темекіге қосылатын ингредиенттер атауларының жиынтық тізімі.
 
Р/с
Ингредиенттің атауы Ингредиенттің темекі салмағына қатысы бойынша ең көп пайыздық үлесі (%)
1 2 3



2. Темекіге қосылатын ингредиенттер атауларының тізімі, темекі өнімінің әрбір атауы бойынша, егер мұндай ингредиенттердің үлесі темекі бұйымының салмағына қатынасы бойынша сигарет, папирос және шегетін жіңішкелеп кесілген темекі үшін 0,1 пайыздан және темекі бұйымдарының басқа түрлері үшін 0,5 пайыздан аспаса.
Ескертпе. Үлесі сигарет, папирос және шегетін жіңішкелеп кесілген темекі үшін 0,1 пайыздан және темекі бұйымдарының басқа түрлері үшін 0,5 пайыздан аспайтын ингредиенттердің болуы тізімде «хош иістендірушілер» деген сөздермен белгіленеді.
 
Р/с
Темекі емес материалдардың санаты Ингредиенттің атауы
1 2 3



3. Темекі бұйымының темекі емес материалдарының құрамындағы ингредиенттер атауларының тізімі бойынша көрсетіледі.
Ескертпе. Темекі емес материалдар мынадай санаттарға бөлінеді: папиростық, сигареттік, жиектік және мүштік қағаз, сүзгіштер (фицелпа) үшін орау қағазы, сүзгіш материал, желім, сия, соратын темекі (снюс) өлшемі үшін орау материалы.
4. Темекі бұйымдарының құрамындағы ингредиенттерге қатысты токсикологиялық зерттеулер жүргізу туралы ақпарат.
Қазақстан Республикасының аумағында өткізілген темекі бұйымын өндіруші немесе импорттаушы және/немесе олардың тапсырысы бойынша есепті кезеңде осы есепте көрсетілген ингредиенттерге қатысты токсикологиялық зерттеулер жүргізілді ме? 
       өндіруші немесе импорттаушы ____________ ______ ___________ 
Полная версия
ИС BestProfi