Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 31.07.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасында iшкi бақылау жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы N 1246 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 58-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында iшкi бақылау жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 
1) "Бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қаржы-шаруашылық қызметiн ведомстволық бақылау туралы ереженi бекiту жайында" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 2 қыркүйектегi N 773  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 34, 398-құжат); 
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 12 қазандағы N 1320  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 32, 406-құжат); 
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1031  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстердiң 11-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 35, 327-құжат).
3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 30 қарашадағы
 N 1246 қаулысымен
 бекiтілген Қазақстан Республикасында iшкi бақылау жүргiзу ережесi
1. Осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасында iшкi бақылау жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi. 
2. Қазақстан Республикасында iшкi бақылауды iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлетті орган және iшкi бақылау қызметтерi жүзеге асырады және мемлекеттiк қаржы бақылау объектiлерiнiң қаржылық есептіліктi жасау және беру сенiмділiгi, бухгалтерлiк есеп жүргiзу, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын, мемлекеттің активтерiн, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекеттiк мекемелердiң олардың иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi), гранттарды iске асыруынан алынатын ақшаны пайдалану негiзділiгi мен тиiмділігі бөлiгiнде заңнама талаптарын сақтауын тексеру мақсатында жүргiзіледi. 
3. Iшкi бақылау жүргiзу ережесi iшкi бақылау субъектілерi мен объектілерiнің орындауы үшiн мiндетті. 
4. Осы Ережеде мынадай негізгi ұғымдар пайдаланылады: 
1) бақылау ауқымы - бақылауға жататын мәселелердiң (бюджеттік бағдарламалардың) тiзбесiн, бақылаумен қамту кезеңiн және оның ұзақтығын қамтитын бақылау көлемi; 
2) бақылау объектiлерi - салыққа жатпайтын түсiмдердi бюджетке алуға жауапты орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттік органдар, республикалық және жергілiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары, бюджет қаражатын алушылар, гранттарды, мемлекеттiң активтерiн, мемлекет кепілдiк берген қарыздарды пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар; 
3) бақылау субъектілерi - iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкілетті орган, iшкi бақылау қызметтерi; 
Полная версия
ИС BestProfi