Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.12.2020
"Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2020 жылғы № 957 Қаулысына сәйкес
Редакция 07.07.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесi; 
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 04.02.2016 жылғы № 53 Қаулысымен (14.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2016 жылы № 34 (28766)„Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.06.2019 жылғы № 429 Қаулысына сәйкес (13.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 04.02.2016 жылғы № 53 Қаулысымен (14.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2016 жылы № 34 (28766)„Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру мен оны жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi жарақат салатын тегіс ұзын ұңғылы атыс, ұңғысыз атыс және газ қаруларының патрондарына медициналық-биологиялық және химиялық-аналитикалық сынақтар жүргiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша бiр айлық мерзiмде, "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды бергенi үшiн бiр жолғы алым мөлшерлерiн бекiту туралы, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын енгiзсiн.
5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi бiр айлық мерзiмде, өзiн-өзi қорғау - жарақат салатын патрондары бар тегiс ұзын ұңғылы атыс, жарақат салатын, газбен және сәулемен, дыбыспен әсер ететiн патрондары бар ұңғысыз атыс қаруының зақымдағыш факторларының адамға әсер етуiнiң рұқсат етiлетiн нормаларын әзiрлесiн және бекiтсiн.
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күшi жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2000 жылғы 3 тамыздағы
N 1176 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесi
Құжат мәтініндегі "Астана қаласының IIБ, Алматы қаласының IIББ", "Астана қаласы IIБ, Алматы қаласы IIББ" сөздері "Астана және Алматы қалаларының IIББ" сөздерімен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 11.11.2003 жылғы № 1127 Қаулысымен (16.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
Құжат мәтініндегі "мемлекеттік өртке қарсы қызмет, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мен мекемелерінің" сөздері "өртке қарсы қызмет, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының" сөздерімен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 30.06.2005 жылғы № 662 Қаулысымен (26.08.2004 ж. редакцияны қараңыз)
Құжат мәтініндегі "үш жыл" деген сөздер "бес жыл" деген сөздермен, "немесе нашақорлыққа" деген сөздер ", нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа" деген сөздермен, "аңшылық билетке", "аңшылық билетіне", "аңшылық билетінде", "аңшылық билетті", "аңшылық билетінсіз", "аңшылық билеті" деген сөздер тиісінше "аңшылық куәлікке", "аңшылық куәлігіне", "аңшылық куәлігінде", "аңшылық куәлікті", "аңшылық куәлігінсіз", "аңшылық куәлігі" деген сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 29.12.2007 жылғы № 1370 Қаулысымен (13.08.2007 ж. редакцияны қараңыз) алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.03.2008 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Ереже "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қару мен оның патрондарын өндiрудi, сатуды (саудасы), берудi, сыйға тартуды, марапаттауды, мұраға ие болуды, сатып алуды, коллекциялауды, экспонаттауды, есепке алуды, сақтауды, алып жүрудi, тасымалдауды, пайдалануды, алып қоюды, жоюды, Қазақстан Республикасының аумағына әкелудi және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудi қоса алғандағы, айналымын реттейдi.
2. Тарау алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тарау алынып тасталды ҚР Үкіметінің 13.08.2007 жылғы № 692 Қаулысымен (17.05.2006 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.09.2007 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi