1. "Семсер" жабық акционерлік қоғамында (бұдан әрі - "Семсер" ЖАҚ) мұнай-газ кешенінің қызметкерлерін, объектілерін, қызметі мұнай-газ саласымен тікелей байланысты жеке және заңды тұлғаларды күзетуді қамтамасыз ету жөнінде арнайы құрылымдық бөлімше құру назарға алынсын.
Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторындағы қауіпсіздіктің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 қыркүйек N 1240
Редакция 31.12.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Республиканың мұнай-газ секторындағы қауіпсіздік пен нақты және ықтимал қатерден және қол сұғушылықтардан қорғау жүйелерін дамытуға жағдай жасаудың қажеттігіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 16.07.2003 № 700 қаулысымен. (26.09.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен "Семсер" ЖАҚ-та қызметтік қару сатып алуға және күзет дабылдатқышын құрастыру, оңдау және оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия берсін.
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2020 жылғы № 957 Қаулысына сәйкес (16.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Полная версия