Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 31.12.2020
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 тамыздағы N 896 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2020 жылғы № 957 Қаулысына сәйкес
1. "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 32-33, 399-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесiне:
көрсетiлген ережеге 7-1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi арнайы уәкiлеттi органдардың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 сәуiрдегi N 466 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 19, 241-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 тамыздағы N 896 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесiне 7-1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi жүйесiнiң мемлекеттiк инспекторлары мен қызметкерлерiн қаруландыру үшiн белгiленген қару мен оның патрондарының түрлерi, үлгiлерi, модельдерi, саны
___________________________________________________________________
Р/с| Лауазымы |Тапанша | Карабин
N | | немесе |
| |револьвер |
___________________________________________________________________
1 Мемлекеттiк инспектор - Балық шаруашылығы
комитетi орталық аппаратының қызметкерi 1
2 Балық ресурстарын қорғау мемлекеттiк
инспекторы - Балық шаруашылығы комитетi
аумақтық органының қызметкерi 1
3 Мемлекеттiк инспектор - Орман және
аңшылық шаруашылығы комитетi орталық
аппаратының қызметкерi 1
4 Мемлекеттiк инспектор - Орман және
аңшылық шаруашылығы комитетi аумақтық
органының қызметкерi 1 немесе 1
5 Орман және аңшылық шаруашылығы
комитетiнiң ерекше қорғалатын табиғи
аумақтарды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк
инспекторы 1 немесе 1
6 Орман және аңшылық шаруашылығы
комитетiнiң қарамағындағы мамандандырылған
ұйымдардың лауазымды тұлғалары -
мемлекеттiк орман күзетiнiң қызметкерi,
сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғауды
тiкелей жүзеге асыратын инспектор, қорықшы,
аңшылық маманы. 1 немесе 1
___________________________________________________________________
Оқ-дәрiлердiң нормалары мынадай есеппен белгiленедi:
___________________________________________________________________
P/c| | Патрондардың саны (дана)
N | Қарудың атауы |____________________________________________
| | Ауысымға | Қару | жылдық шығын:
| |жарақталған |бiрлiгiне |_____________________
| |мемлекеттiк |азаймайтын| бiр адамға | қару
| |инспектор, | қор |практикалық |бiрлiгiне
| |лауазымды | | атыстар | атылыс
| | тұлға | | үшiн |тексеруi
| | | | | үшін
___________________________________________________________________
1 Тапанша 16 24 8 4
(2 оқжатарда)
2 Револьвер 14 28 8 4
(қорапта)
3 Карабин 15 30 10 5
(оқтiзерде)
4 Жекелей атуға 30 60 10 8
қайта жасалған (оқжатарда)
автомат
___________________________________________________________________
Қарудың жалпы саны бекiтiлген штат кестесi бойынша қызметкерлердiң жалпы санынан аспауға тиiс, бұл ретте 10 бiрлiкке бiр резервтiк қару ұстауға рұқсат етiледi.
Жедел iс-шаралар жүргiзу кезiнде Ауыл шаруашылығы министрлiгі жүйесiнiң мына мемлекеттiк инспекторлары мен қызметкерлерi кемiнде 3 адамнан тұратын топқа 1 бiрлiк есебiмен жекелей атуға қайта жасалған автоматпен қаруланады:
балық ресурстарын қорғау мемлекеттiк инспекторлары - Балық шаруашылығы комитетi аумақтық органдарының қызметкерлерi;
мемлекеттiк инспекторлар - Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi аумақтық органдарының қызметкерлерi;
Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары;
Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң қарамағындағы мамандандырылған ұйымдардың лауазымды тұлғалары - жануарлар дүниесiн қорғауды тiкелей жүзеге асыратын инспектор, қорықшы, аңшылық маманы.
Полная версия