Осы Заң Қазақстан Республикасының республикалық және жергiлiктi бюджеттерiнiң, қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тауарды, жұмысты және көрсетiлетiн қызметтi мемлекеттiк сатып алу процесiнде туындайтын құқықтық қатынастарды осы қаражатты тиiмдi пайдалану мақсатында реттейдi.
Кіріспе өзгертілді ҚР 09.12.1998 жылғы № 306 Заңымен
мемлекеттiк сатып алу - мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың негiзiнде мемлекеттiң тапсырысшылар арқылы Қазақстан Республикасының республикалық және жергiлiктi бюджеттерiнiң қаражаты есебiнен мемлекет меншiгiне тауарлар сатып алу және мемлекетке қажеттi жұмыс пен қызмет көрсетiлуi;
мемлекеттiк сатып алу туралы шарт - осы Заңға және өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерге сәйкес тапсырысшы мен өнiм берушi арасында жасалған азаматтық-құқықтық шарт;
тапсырысшы - өз мұқтаждары үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен сатып алуды жүзеге асыратын орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар, олардың қарамағындағы мемлекеттiк мекемелер;
конкурс - ықтимал өнiм берушiлер арасындағы бәсекенi көздейтiн және мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың ең тиiмдi жағдайларын анықтауға бағытталған мемлекеттiк сатып алуды өткiзу әдiсi;
мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету - өнiм берушiнiң мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелерiн орындауының кепiлдi жарнасы;
конкурсты ұйымдастырушы - тапсырысшы немесе конкурсты өткiзу мен ұйымдастыру кезiнде тапсырысшының атынан немесе уәкiлеттi органның тапсырмасы бойынша әрекет жасайтын басқа да мемлекеттiк орган;
мемлекеттiк сатып алу процесi - Қазақстан Республикасының республикалық және жергiлiктi бюджеттерiнiң қаражаты есебiнен тауарлар сатып алуға, қажеттi жұмыс пен көрсетiлетiн қызметтердi алуға бағытталып жүргiзiлетiн барлық шаралар кешенi, соның iшiнде тапсырысшының мемлекеттiк сатып алу номенклатурасы мен көлемiн қалыптастыруы, өнiм берушiнi таңдауы, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуы мен оны орындауы;