Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.02.2024
Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2024 жылғы 12 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 29.01.2024 жылғы № 45 Қаулысына сәйкес 
Редакция 21.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 30 желтоқсандағы
 № 2314 қаулысымен
 бекітілген
Осы Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және  аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2011 жылғы № 1626 Қаулысымен (01.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.03.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – көпбалалы отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.09.2019 жылғы № 678 Қаулысына сәйкес (04.05.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) көпбалалы отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда көпбалалы отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) уәкілетті орган - жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы;
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.09.2019 жылғы № 678 Қаулысына сәйкес (04.05.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.
7) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
1-тармақ 7-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 04.05.2018 жылғы № 237 Қаулысына сәйкес
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.09.2019 жылғы № 678 Қаулысына сәйкес (04.05.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.10.2012 жылғы № 1316 Қаулысымен (29.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.12.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.09.2019 жылғы № 678 Қаулысына сәйкес (04.05.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2022 жылғы № 1091 Қаулысына сәйкес (24.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 10 пайыздан асырмай белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады. 
3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдары айқындайды.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.10.2012 жылғы № 1316 Қаулысымен (29.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2013 жылдан бастап және 01.01.2014 жылға дейiн қолданыста болады)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.09.2019 жылғы № 678 Қаулысына сәйкес (04.05.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-1. Көпбалалы отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
Осы Ереже 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 04.05.2018 жылғы № 237 Қаулысына сәйкес
3-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
Осы Ереже 3-2-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 04.05.2018 жылғы № 237 Қаулысына сәйкес
3-2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Көпбалалы отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2011 жылғы № 1626 Қаулысымен (01.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.03.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды;
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.10.2012 жылғы № 1316 Қаулысымен (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2013 жылдан бастап және 01.01.2014 жылға дейiн қолданыста болады)
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.12.2013 жылғы № 1303 Қаулысымен (16.10.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.02.2017 жылғы № 76 Қаулысымен (03.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.05.2018 жылғы № 237 Қаулысына сәйкес (17.02.2017 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);
2) көпбалалы отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
6) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;
7) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
9) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.09.2019 жылғы № 678 Қаулысына сәйкес (04.05.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
11) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
12) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот.
12-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады.
4-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Ереженің 4-5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.
4-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-1. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Осы Ереже 4-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 04.05.2018 жылғы № 237 Қаулысына сәйкес
4-2. Осы Ереженің 4-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Осы Ереже 4-2-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 04.05.2018 жылғы № 237 Қаулысына сәйкес
4-3. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.
Осы Ереже 4-3-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 04.05.2018 жылғы № 237 Қаулысына сәйкес
4-4. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.
Осы Ереже 4-4-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 04.05.2018 жылғы № 237 Қаулысына сәйкес
4-5. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.
Осы Ереже 4-5-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 04.05.2018 жылғы № 237 Қаулысына сәйкес
4-5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2022 жылғы № 1091 Қаулысына сәйкес (24.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде «жеке кабинетке» жіберіледі.
Осы Ереже 4-6-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 04.05.2018 жылғы № 237 Қаулысына сәйкес
3-тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган жергілікті өкілді органдар айқындаған тәртіппен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.
Полная версия
ИС BestProfi