Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі N 787 Қаулысы
Осы редакция 24.05.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Қоса берiлiп отырған Әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2005 жылғы 28 шілдедегі
 N 787 қаулысымен
 бекiтілген
Әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару 
 ЕРЕЖЕСI 
1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының әскери мүлкiн есепке алу және есептен шығару ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңы  7-бабының  25) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және әскери бөлiмдерде, мемлекеттік мекемелерде, әскери оқу орындарында (бұдан әрi - әскери бөлiмдер) жарамсыз (шектi) жай-күйге келген жоғалған қаруды, әскери техника мен өзге де әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару тәртiбiн белгілейдi.
2. Әскери бөлiмдердегi әскери мүлiктi есепке алу "Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы  Заңына  және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерiне  сәйкес жүргізiледi. 
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Штабтар бастықтары комитетi Қарулы Күштердi қару-жарақтың, әскери техниканың қажеттi түрлерiмен, оқ-дәрiлермен және басқа да материалдық құралдармен қамтамасыз етудi ағымдағы және перспективалық жоспарлауды, оларды пайдалануды, сақтауды, есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастырады.
4. Белгiленген қызмет, тозу, пайдалану, жарамдылық мерзiмдерi өткеннен кейiн жарамсыз (шектi) жай-күйге келген мүлiктi есептен шығару техникалық жай-күйiнiң актiлерi немесе сапалық жай-күйiнiң өзгеруі актілерi (осы Ереженiң 1 және 2-қосымшалары ) бойынша жүргiзiледi. Кiнәлi адамдарға жатқызылғаннан басқа, уақытынан бұрын жарамсыз (шектi) жай-күйге келген және жоғалған мүлiкті есептен шығару инспекторлық куәлiктер (бұдан әрi - куәлiк) (осы Ереженiң 3-қосымшасы ) бойынша жүргiзiледi.
5. Оқу-жаттығу және басқа да мақсаттарда пайдаланылатын мүлiктi қоспағанда, егер мүлiк өзінiң техникалық жай-күйi бойынша немесе жөндеуден кейiн мақсаты бойынша бұдан әрi пайдалануға жарайтын болса, белгiленген қызмет мерзiмдерiнiң өтуi, сондай-ақ мүлiктiң тозу құнының 100% есептелуі, оны есептен шығару үшiн негiз бола алмайды.
6. Есептен шығаруға жататын мүлiк техникалық жай-күйiнiң бекiтiлген актiсiн немесе куәлігін алғанға дейiн жойылмайды, бөлшектенбейдi немесе оқу құралы ретiнде пайдаланылмайды. 
Техникалық жай-күйiнiң бекiтiлген актiлерi (куәлiктерi) алынған мүлiк бөлшектеуге (бөлуге) жатады. 
Мүлiктi бөлшектеу (бөлу) агрегаттардың, тораптардың, приборлардың, детальдар мен материалдардың мүмкiндігінше пайдалануға жарамды көп санын алу мақсатында қауiпсiздiк техникасының және құпиялылық режимiнiң талаптарын қатаң сақтай отырып, тиiстi мамандардан, есептен шығаруға жататын мүлiктiң жай-күйi мен сақталуына жауап беретiн лауазымды адамдардан тұратын комиссия мүшелерiнiң қатысуымен тиiстi қызметтер (материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да қамтамасыз ету түрлерi) бастықтарының бақылауымен жүргізiледi. 
Техникалық жай-күйiнiң бекiтiлген актiлерi (куәлiктерi) алынған жауынгерлiк даярлықтың қару-жарағы мен әскери техникасы, оқу материалдық-техникалық базаның жабдықтары мен құралдары оның агрегаттарын бөлшектемей, әскери жөндеу бөлiмдерiнде немесе тиiстi бөлiмшелерде бөлшектеуге жатады. 
Оны бөлшектеу (бөлу) кезiнде қару-жарақ пен әскери техникадан алынған және бұдан әрi пайдалануға жатпайтын агрегаттар белгiленген тәртiппен әскери бөлiмдердiң жөндеу базаларына жөндеуге берiледi. 
Полная версия
ИС BestProfi