Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2015
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 мамырдағы N 553 және 2003 жылғы 11 маусымдағы N 554 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 ақпандағы N 123 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 18.06.2015 жылғы № 457 Қаулысына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсін:
1) "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 3 мамырдағы N 553 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 19, 164-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтілген Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы ережеде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары комиссияның төрағасы болып табылады";
2) "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегi ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 554 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 25, 238-құжат):
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияның құрамына мыналар енгiзілсiн:
Мыңбаев - Қазақстан Республикасы Премьер- Сауат Мұхаметбайұлы Министрiнің орынбасары, төраға Курматов - Қазақстан Республикасының Қарулы Юрий Шамильевич күштерi штаб бастықтары комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары; мынадай: "Отто - Қазақстан Республикасының Iшкi Иван Иванович iстер вице-министрi"
деген жолдағы "вице-министрi" деген сөздер "бiрiншi вице- министрi" сөздерімен ауыстырылсын;
көрсетiлген құрамнан Павлов Александр Сергеевич, Құдайбергенов Сәбит Бейсенұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастан күшiне енедi.
Қазақстан Pecпубликасының Премьер-Mинистрі
Полная версия