Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі N 364 Жарлығы
Редакция 18.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған жалпы әскери жарғылар бекітілсін:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызметінің жарғысы; 
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы; 
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының саптық жарғысы; 
4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысы.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бағынысындағы әскерлер мен әскери құралымдардың күнделікті қызметін жоспарлау және ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын басшылыққа алсын.
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 07.05.2012 жылғы № 320 Жарлығымен
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 04.05.2014 жылғы № 814 Жарлығымен (06.05.2013 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 05.05.2015 жылғы № 18 Жарлығымен (04.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.05.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 12.11.2022 жылғы № 1071 Жарлығына сәйкес (17.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 27 қарашадағы N 4156 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2007 жылғы 5 шілдедегі
 N 364 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ІШКІ ҚЫЗМЕТ ЖАРҒЫСЫ
Жарғы өзгертілді ҚР Президентінің  15.04.2013 жылғы № 541 Жарлығымен (07.05.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Жарғы өзгертілді ҚР Президентінің 05.05.2015 жылғы № 18 Жарлығымен (04.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.05.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Жарғы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 02.02.2016 жылғы № 187 Жарлығына сәйкес (05.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.02.2016 жылы № 22 (28754) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Жарғы ішкі тәртіптің негізгі ережелерін, әскери қызметшілердің жалпы құқықтарын, міндеттерін және олардың арасындағы өзара қарым-қатынастарды, негізгі лауазымды адамдардың және тәуліктік наряд адамдарының міндеттерін айқындайды.
Осы Жарғыда көрсетілмеген лауазымды адамдардың міндеттері тиісті нұсқаулықтармен, қағидалармен, ережелермен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен айқындалады.
Жарғы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі - Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерге, азаматтарға, олар әскери даярлықтан өту кезеңінде, әскери киім нысанын киюге құқығы бар әскери қызметтен шығарылған азаматтарға оны киген кезде қолданылады.
1. Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті борышы және міндеті болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары заңда белгіленген тәртіппен және түрлерде әскери қызмет өткереді.
Полная версия
ИС BestProfi