Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі N 364 Жарлығы
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 28.10.2025 жылғы № 1068 Жарлығына сәйкес (16.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бағынысындағы әскерлер мен әскери құралымдардың күнделікті қызметін жоспарлау және ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын басшылыққа алсын.
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 07.05.2012 жылғы № 320 Жарлығымен
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 04.05.2014 жылғы № 814 Жарлығымен (06.05.2013 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 05.05.2015 жылғы № 18 Жарлығымен (04.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.05.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 12.11.2022 жылғы № 1071 Жарлығына сәйкес (17.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ІШКІ ҚЫЗМЕТ ЖАРҒЫСЫ
Жарғы өзгертілді ҚР Президентінің 15.04.2013 жылғы № 541 Жарлығымен (07.05.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Жарғы өзгертілді ҚР Президентінің 05.05.2015 жылғы № 18 Жарлығымен (04.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.05.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Жарғы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 02.02.2016 жылғы № 187 Жарлығына сәйкес (05.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.02.2016 жылы № 22 (28754) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Жарғы ішкі тәртіптің негізгі ережелерін, әскери қызметшілердің жалпы құқықтарын, міндеттерін және олардың арасындағы өзара қарым-қатынастарды, негізгі лауазымды адамдардың және тәуліктік наряд адамдарының міндеттерін айқындайды.
Кіріспе өзгертілді ҚР Президентінің 28.10.2025 жылғы № 1068 Жарлығымен (16.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Жарғыда көрсетілмеген лауазымды адамдардың міндеттері тиісті нұсқаулықтармен, қағидалармен, ережелермен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен айқындалады.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары ішкі қызмет жарғысының (бұдан әрі – Ішкі қызмет жарғысы) күші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі – Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери даярлықтан өту кезеңінде азаматтарға, әскери киім нысанын киіп жүру құқығымен әскери қызметтен шығарылған азаматтарға оны киіп жүрген кезде қолданылады.
1. Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті борышы және міндеті болып табылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 28.10.2025 жылғы № 1068 Жарлығымен (16.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)