Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 30.07.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 13 Қаулысы
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 13 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
1. "Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және жою ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 маусымдағы N 517 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж. N 20, 231-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және жою ережесінде:
1-тармақтағы "ғылыми-негізделген" деген сөздерден кейін "және (немесе)" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы "берілген өнімді пайдаланудың (қолданудың) нақты жағдайларында" деген сөздер "оның өмірлік циклінің барлық сатысында" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
1) тармақшадағы "өнімдер мен процестердің ("Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы" жіктеуішіне сәйкес)" деген сөздер "өнімдер ("Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы" жіктеуішіне сәйкес) мен процестердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) сынаманы іріктеу және өнімдерді сынау ережесі, сәйкестікті растау ережесі мен нысандары, оның ішінде сәйкестікті растау схемасы (сәйкестікті растау нысандары мен схемасын таңдау сәйкестікті растаудан өткен өнімді қолданудан күмәнді бағалау мен залал келудің жиынтық қаупін ескеріп жүзеге асырылуға тиіс) және (немесе) терминологияға, буып-түюге, таңбалауға немесе затбелгі салуға және оларды түсіру ережелеріне қойылатын талаптар болуы мүмкін";
6) тармақша алынып тасталсын;
мынадай редакциядағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдардың келісімімен Техникалық регламенттерге үйлестірілген стандарттар тізбесін белгілейді.".
Полная версия