Бағалы қағаздар рыногы қызметiнiң айқындылық дәрежесiн және тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 27.07.2012
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 486. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 16 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2124
Күші жойылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.07.2012 № 224 Қаулысымен (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 01.01.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, сауда-саттық ұйымдастырушысына және бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын, сауда-саттық ұйымдастырушының мүшелерi болып табылмайтын ұйымдарға жiберсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
"Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 486 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесi
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде пайдаланылған ұғымдар мынаны бiлдiредi:
1) басшы - бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның алқалы атқарушы органының басшысы болып табылатын тұлға; немесе
бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның лауазымды тұлғасы болып табылатын және бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның iшкi ережелерiне сәйкес брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға жетекшiлiк жасау жүктелген тұлға;
2) уәкілетті орган - бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды жүзеге асырушы мемлекеттік орган.
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы № 164 қаулысымен, 2007 жылғы 30 наурыздағы № 76, 26.01.2009 № 6 Қаулыларымен.(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Есептi жасау және ұсыну тәртiбi
2. Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйым есептi уәкiлеттi органға тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың соңғы күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде ұсынады.
Полная версия