Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.04.2022
"Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 шілдедегі № 1048 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1176 Қаулысы       
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.04.2022 жылғы № 268 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 шілдедегі № 1048 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеде:
«1. Үйлестіру кеңесі экономиканың орнықты әрі теңгерімді өсуі және елдің бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында құрылды.»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) үдемелі индустриялық-инновациялық даму жолымен экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қазақстандық бизнестің шетелдік нарықтарға шығу үдерісін нысаналы жүйелік қолдауды ұйымдастыруға;»;
5 ) және 6 ) тармақшалар алынып тасталсын;
«8. Үйлестіру кеңесін төраға басқарады, ол оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарына төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары атқарады.»;
«9. Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі болып табылады.»;
«15. Үйлестіру кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және егер оған оның мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, заңды болып саналады. Үйлестіру кеңесінің мүшелері отырыстарға ауыстыру құқығынсыз қатысады.»;
Полная версия
ИС BestProfi