Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.12.2022
Өз еркімен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 133 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 16 мамырда № 7662 тіркелді
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 13.12.2021 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (12.02.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Осы Қаулы 2022 жылғы 11 желтоқсаннан бастап күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 жылғы № 99 Қаулысына сәйкес
Редакция 08.01.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабы 9-тармағының екінші бөлігіне және 72-1-бабы 3-тармағының сегізінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 13.12.2021 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (12.02.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өз еркімен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктері бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 13.12.2021 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (12.02.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасының мына нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті тарату ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 наурыздағы № 61 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4772 тіркелген);
2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті тарату ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 наурыздағы № 61 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 189 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5413 тіркелген).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2012 жылғы 26 наурыздағы
 № 133 қаулысымен бекітілген
Өз еркiмен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және қызметін ерiктi түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиялары қызметiнің ерекшеліктері
Ерекшеліктер өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 127 Қаулысымен (26.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Ерекшеліктер өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 жылғы № 127 Қаулысымен (30.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ерекшеліктер өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 жылғы № 28 Қаулысымен (23.12.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ерекшеліктер жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 13.12.2021 жылғы № 105 Қаулысына сәйкес (12.02.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы өз еркiмен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және қызметін ерiктi түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиялары қызметiнің ерекшеліктері (бұдан әрі – Тарату комиссиялары қызметiнің ерекшеліктері) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) 67-бабы 9-тармағының екінші бөлігіне және 72-1-бабы 3-тармағының сегізінші бөлігіне сәйкес әзірленді және өз еркiмен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (бұдан әрі – таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы) және қызметін ерiктi түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының (бұдан әрі – қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы) тарату комиссияларының (бұдан әрі – тарату комиссиясы) қызметiн ұйымдастыру, тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру және бекіту, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының кредиторлар комитетін қалыптастыру мен қызметінің ерекшеліктерін, сондай-ақ тарату комиссияларының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жүргізу, касса құжаттарын жүргізу ережелерін орындау, қолма-қол ақшаның жұмсалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын, касса қалдықтарының лимиттерін, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны өткізу мерзімдерін айқындайды.
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын өз еркiмен тарату (бұдан әрі – тарату) және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерiктi түрде тоқтату (бұдан әрі – қызметін тоқтату) процесінің басталуы тарату комиссиясын құру күні болып саналады.
2. Тарату комиссиясын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган):
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын өз еркiмен таратуға;
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерiктi түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы шешімін алған күннен бастап күнтізбелік 45 (қырық бес) күннен кешіктірмей құрады.
Тарату комиссиясының құрамын өзгерту сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша жүзеге асырылады, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органы жүзеге асырады.
2-тарау. Тарату комиссияларының қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері
Полная версия
ИС BestProfi