Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.03.2011
Мемлекеттiк кәсiпорын туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заңы
Акттің нысаны өзгертілді, құжат мәтініндегі "Жарлықпен", "Жарлығымен", "Жарлықтың", "Жарлық", "Жарлықта" сөздері "Заңмен", "Заңымен", "Заңның", "Заң", "Заңда" сөздерімен ауыстырылды ҚР 11.06.2004 жылғы № 561 Заңы бойынша (21.05.2002 ж. редакцияны қараңыз) 
Осы Заң күшін жойды 10.03.2011 жылдан бастап ҚР 01.03.2011 жылғы № 413-IV Заңына сәйкес
Редакция 02.12.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1) шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорындар;
2) жедел басқару құқығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсiпорындар жатады.
2. Мемлекеттiк меншiктiң түрлерiне қарай кәсiпорындар:
1) республика меншiгiндегi кәсiпорындар - республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар;
2) коммуналдық меншiктегi кәсiпорындар - коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар болып бөлiнедi.
3. Басқа мемлекеттiк кәсiпорын құрған мемлекеттiк кәсiпорын еншiлес мемлекеттiк кәсiпорын болып табылады. 
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi құратын кәсiпорындар Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар болып табылады. 
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi кәсiпорындарының қызметiн құру, реттеу және тоқтату тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген ерекшелiктерiн ескере отырып, осы Заңмен белгiленедi.
1-бап өзгертілді ҚР 11.07.1997 № 154, 11.06.2004 № 561 Заңдарымен.
2-бап. Мемлекеттiк кәсiпорындардың мiндет-мақсаты
1. Мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мiндет-мақсаты қоғам мен мемлекеттiң қажетiне қарай айқындалатын мынадай әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешу болып табылады:
1) мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн материалдық жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесiн қорғау;
2) экономиканың жеке меншiк секторы қамтымаған немесе жеткiлiксiз қамтыған қоғамдық өндiрiстiң буындары мен салаларында бiрiншi қажеттiлiктегi тауарларды өндiру (жұмыстар атқару, қызметтер көрсету);
3) мемлекеттiк монополияға жатқызылған немесе бақылау және қадағалау функцияларын қоспағанда, мемлекеттiң функциясы болып табылатын салалардағы қызметтi жүзеге асыру.
2. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың атаулы тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 
Полная версия
ИС BestProfi