«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 11-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2021
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын адамдардың арнайы бастапқы оқудан өту ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі N 187 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 27 мамырда N 6978 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 13.03.2020 жылғы № 211 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын адамдардың арнайы бастапқы оқудан өту ережесі бекітілсін.
2. Мыналар:
1) «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын үміткерлердің алғашқы арнайы оқудан өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 28 сәуірдегі № 180 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4673 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылғы 15 маусымда № 90 (1119) жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын үміткерлердің алғашқы арнайы оқудан өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 28 сәуірдегі № 180 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 149 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5211 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы № 8 жарияланған) бұйрықтарының күші жойылды деп есептелсін.
3. Кадр жұмысы департаменті (Ә.А. Жансейітов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өтуін және мерзімдік басылымдарда жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор А.Ж. Күреңбековке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
милиция генерал-майоры Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі N 187 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын адамдар үшін арнайы бастапқы оқытудан өту ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ІІО) қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын үміткерлердің арнайы бастапқы оқытудан өту тәртібі мен шарттарын белгілейді.
2. ІІО-ға бірінші рет қабылданатын үміткерлер нақты лауазым бойынша қызметтік міндеттерін атқару үшін қажетті білім, іскерлік, дағды және мінез-құлық нормаларын жедел үйрену үшін арнайы бастапқы оқытудан өтеді.
3. Арнайы бастапқы оқыту Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) жүзеге асырылады.
2. Алғашқы арнайы оқуға қабылдау және өту тәртібі
4. Арнайы бастапқы оқытуға жіберу үшін ІIO-ға қызметке үміткерлерді іріктеуді және жеке істерін ресімдеуді Астана, Алматы қалаларының, облыстардағы, көліктегі ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - IIД) кадр аппараттары жүзеге асырады.
5. Арнайы бастапқы оқытуға ІІО-ға алғашқы рет қызметке қабылданатын және сынақ мерзімінен өткен адамдар жіберіледі.
6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітілетін арнайы бастапқы оқуға қабылдау жоспарына сәйкес ІІО-ның кадр аппараттары білім беру ұйымдарына үміткерлердің жеке ісін арнайы бастапқы оқыту курстары басталуынан он күн бұрын ұсынады.
7. Арнайы бастапқы оқуға жіберілген үміткердің өзімен бірге жеке куәлігі, спорттық киімі, жеке гигиена заттары, қажетті жазу құралдары болуы тиіс.
8. Білім беру ұйымдары бастықтарының бұйрықтарымен ІІО-ға бірінші рет қабылданатын адамдар арнайы бастапқы оқыту курстарының тыңдаушылары қатарына қабылданады.
Бұйрықтан үзінділер он күннен кешіктірілмей ІІД-нің кадр аппаратына жіберілуі тиіс.
9. Арнайы бастапқы оқыту курстарында заңгерлік, арнайы, атыс, кәсіптік-психологиялық және тілдік дайындық бойынша, криминалистика, арнайы техника, алғашқы медициналық көмек, жауынгерлік күрес әдістері, Жарлықтар, іс жүргізу пәндері зерделенеді.
10. Арнайы бастапқы оқыту курстарында оқу мерзімі орта басшы құрамдағы лауазымдарға үміткерлер үшін - 2 ай, қатардағы және кіші басшы құрамдағы лауазымдарға үміткерлер үшін - 3 айды құрайды.
11. Тыңдаушылардың білім деңгейін қорытынды бағалауды олардың құрамын білім беру ұйымының бастығы бекітетін емтихан комиссиясы жүргізеді. Емтихан комиссиясының құрамы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, аумақтық ІІД қызметкерлері, білім беру ұйымының оқытушылар құрамының, ІІО Ардагерлер кеңесі өкілдерінен құрылады.
12. Тыңдаушылар оқу жоспарының талаптарын орындамаған немесе білім беру ұйымының Жарғысын бұзған жағдайда олар білім беру ұйымы бастығының бұйрығымен тыңдаушылар қатарынан шығарылады.
13. Емтихандарды табысты тапсырған үміткерлерге арнайы бастапқы оқыту курстарын бітіргені туралы сертификат беріледі, ол жеке іске тігіледі.
14. Оқуды табысты аяқтаған үміткер бір ай ішінде лауазымға тағайындалады және Ішкі істер министрлігінің кадрына қабылдана отырып, оған арнаулы атақ беріледі.
15. Арнайы бастапқы оқыту мерзімі Қазақстан Республикасы ІІО қызметіндегі өтіліне (еңбек сіңірген жылдарына) есептеледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын адамдар үшін арнайы бастапқы оқытудан өту ережесіне қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ _____________________________ (білім беру ұйымының атауы) |
МИНИСТЕРСТВО ВНУТРЕННИХ ДЕЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ________________________________ (наименование организации образования) |
---|---|
СЕРТИФИКАТ | |
Осы сертификат________________ ______________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) ____________________ берілді, ол __________________________ _____________________________ _____________________________ санаты бойынша арнайы бастапқы оқыту курстарынан өтті Білім беру ұйымының бастығы: ____________________________ ___________________ қаласы 20___ж. «___»_______________ Тіркеу №_____________ М.О. |
Настоящий сертификат выдан_________ ___________________________________ (фамилия, имя, отчество) в том, то он (а) прошел (а) курсы специального первоначального обучения __________________________ по категории ______________________ ___________________________________ Начальник организации образования: __________________________________ город ___________ «__»_______20__г. Регистрационный №___________ М.П. |
Ескертпе: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарында арнайы бастапқы оқыту курстарынан өткені туралы сертификаттың нысаны (сипаттамасы).
1. Сертификат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарында арнайы алғашқы оқыту курстарынан өткенін растайтын құжат болып табылады.
2. Сертификат:
1) жылтыр қағаздан дайындалған А4 форматты (көлемі 297x210) мұқабадан;
2) қосымшадан тұрады.
3. Сертификаттың беткі жағы мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады:
1) реңі ашық жасыл түсті, ортасында диаметрі 110 мм Қазақстан Республикасы ІІМ-нің эмблемасы болады;
2) шетінен 5 мм қашықтықта көк түсті ою-өрнекті жиектемесі бар.
4. Құжаттың жоғарғы бөлігінде:
1) ою-өрнекті жиектеменің шетінен 2 мм қашықтықта ортасында диаметрі 35 мм Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген;
2) елтаңба суретінің сол жағында: бірінші жолда - «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ», екінші жолда - «ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ» деген мәтін бас әріптермен Times New Roman 14 қарпінде жазылған, үшінші жол - «білім беру ұйымының атауы» деректемесіне бос жол бар;
3) елтаңба суретінің оң жағында: бірінші жолда - «МИНИСТЕРСТВО ВНУТРЕННИХ ДЕЛ», екінші жолда - «РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» мәтіні бас әріптермен Times New Roman 14 қарпінде жазылған, үшінші жол - «наименование организации образования» деректемесіне бос жол бар;
4) елтаңбаның астында ортада 7 мм қашықтықта Times New Roman 72 қарпімен, бас әріптермен «СЕРТИФИКАТ» деген мәтін жазылған.
5. Негізгі мәтін Times New Roman 14 қарпімен жазылады.
6. «СЕРТИФИКАТ» деген мәтінің 12 мм астында:
1) сол жақта: «Осы сертификат»;
2) оң жақта: «Настоящий сертификат выдан» деген мәтін орналастырады;
7. Одан әрі екі қатар бос жол:
1) сол жақта «атағы, тегі, аты, әкесінің аты»;
2) оң жақта «звание, фамилия, имя, отчество».
8. Одан кейін екі қатар:
1) сол жақта - бірінші қатар: «_________берілді,»;
2) екінші қатар - «ол__________» деген мәтін;
3) үшінші және төртінші жол - бос баған;
4) бесінші қатар - «санаты бойынша арнайы алғашкы оқыту курстарынан» деген мәтін;
5) алтыншы қатар - «өтті» деген сөз.
9. Оң жағында бес жол:
1) бірінші жол - бос баған;
2) екінші жол - «в том, что он(а) прошел(а) курсы специального» деген мәтін;
3) үшінші жол - «первоначального обучения» деген мәтін;
4) төртінші жол - «по категории________»;
5) бесінші жол - бос баған;
10. Одан әрі екі қатарда төрт жол.
11. Сол жақ қатарда:
1) бірінші жол: «Білім беру ұйымының бастығы:» деген мәтін, қол қою үшін бос баған;
2) екінші жолда: «_______қаласы 20____ жылғы «___» ______» деген жол;
3) үшінші жол: «Тіркеу №_______» бағаны;
4) төртінші жол: мөр орны (М.О.).
12. Оң жақ қатарда:
1) бірінші жол: қол қою үшін бос бағаны бар «Білім беру ұйымының бастығы» деген мәтін;
2) екінші жол: « қаласы 20___ жылғы «____» ________» деген баған;
3) үшінші жол: «Тіркеу № ___________» деген баған;
4) төртінші жол: мөр орны (М.О.).
13. Сертификаттар баспаханалық немесе компьютерлік тәсілмен (қолмен немесе баспа құралдармен толтырылатын деректерді есептемегенде) дайындалады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарында арнайы бастапқы оқыту курстарынан өткені туралы сертификатқа қосымша
(сертификатсыз тіркеу №_______________________________жарамсыз) _____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты)
арнайы бастапқы оқыту курстары кезінде
_____________________________________________________________________
(білім беру ұйымының толық атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
мынадай білім көрсетті:
заңгерлік даярлық бойынша ___________________________________________
арнайы даярлық бойынша ______________________________________________
атыс даярлығы бойынша _______________________________________________
криминалистика бойынша ______________________________________________
кәсіби-психологиялық даярлық бойынша ________________________________
тілдік даярлық бойынша ______________________________________________
арнайы техника бойынша ______________________________________________
алғашқы медициналық көмек бойынша ___________________________________
Жарғыларды білуі бойынша ____________________________________________
жауынгерлік күрес әдістері __________________________________________
іс жүргізу бойынша __________________________________________________
Бастық ___________________
Бастықтың орынбасары ___________________
М.О.
Полная версия