1. Қоса берiлiп отырған Ұлттық компаниялардың тiзбесi бекiтiлсiн.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 31.03.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Ұлттық компаниялардың тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы N 182 Қаулысы
"Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
2. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
қаулының тақырыбындағы "(ұлттық компаниялардың)" деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақтың 3) тармақшасында мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде "ұлттық компанияның" деген сөздер "ұйымның" деген сөзбен ауыстырылсын, "орта мерзiмдiк жоспарын" деген сөздерден кейiн "(қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарын)" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Кейбiр акционерлiк қоғамдардың және республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) тiзбесiнде тақырыбындағы "(ұлттық компаниялардың)" деген сөздер алынып тасталсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 16 ақпандағы N 182 қаулысымен бекiтiлген
Ұлттық компаниялардың тiзбесi
тізбе өзгертілді ҚР Үкiметiнiң 17.03.2005 № 242, 08.08.2006 № 746, 15.01.2007 № 22, 11.05.2007 № 376, 26.07.2007 № 633, 18.09.2007 № 818, 28.04.2008 № 395, 27.08.2008 № 776, 15.01.2009 № 10, 30.01.2010 № 50, 10.03.2010 № 185 Қаулыларымен. (05.03.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ.
2. "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" ААҚ.
3. "Қазпочта" ААҚ.
4. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ.
5. "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" ЖАҚ.
6. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ.
7. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ.
Полная версия