Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.11.2016
"Kazsatnet" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 тамыздағы N 746 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.11.2016 жылғы № 696 Қаулысына сәйкес
Редакция 06.04.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Ұлттық спутниктiк байланыс және хабар тарату жүйесiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Kazsatnet" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
2. Қоғам қызметiнiң негiзгi бағыттары мыналар болып белгiленсiн: 
Қазақстан Республикасының ұлттық спутниктiк байланыс және хабар тарату жүйесi саласындағы ағымдағы, ұзақ мерзiмдi, салааралық   бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу; 
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының деректерiн   спутниктiк беру желiсiн құру және пайдалану; 
Қазақстан Республикасында "электрондық үкiметтi" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде деректердi беру қызметтерiн ұсыну; 
әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешуге және ақпаратты қорғаудың бiрыңғай саясатын қамтамасыз етуге бағытталған тиiмдiлiгi жоғары ақпараттық технологияларды құру; 
деректердi беру саласында ғылымды қажетсiнетiн технологияларды құру жөнiндегi ғылыми-зерттеу және тәжiрибелi-конструкторлық жұмыстарды жүргiзу.
3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
Қоғамның жарғылық капиталын республикалық бюджет есебiнен 
1425000000 (бiр миллиард төрт жүз жиырма бес миллион) теңге мөлшерiнде қалыптастыруды; 
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағында көзделген мәселелердi реттеуге бағытталған қаулының жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
Қоғамның Жарғысын бекiтсiн және әдiлет органдарында оның   мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану   құқықтарын Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс   агенттiгiне берсiн; 
осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде: 
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк   пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында: 
"Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 278-1-жолмен толықтырылсын: 
3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 06.04.2011 № 377 Қаулысымен. (08.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Полная версия
ИС BestProfi