Ұлттық спутниктiк байланыс және хабар тарату жүйесiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Внимание! Документ утратил силу с 11.11.2016
"Kazsatnet" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 тамыздағы N 746 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.11.2016 жылғы № 696 Қаулысына сәйкес
Редакция 06.04.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Kazsatnet" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
2. Қоғам қызметiнiң негiзгi бағыттары мыналар болып белгiленсiн:
Қазақстан Республикасының ұлттық спутниктiк байланыс және хабар тарату жүйесi саласындағы ағымдағы, ұзақ мерзiмдi, салааралық бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының деректерiн спутниктiк беру желiсiн құру және пайдалану;
Қазақстан Республикасында "электрондық үкiметтi" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде деректердi беру қызметтерiн ұсыну;
әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешуге және ақпаратты қорғаудың бiрыңғай саясатын қамтамасыз етуге бағытталған тиiмдiлiгi жоғары ақпараттық технологияларды құру;
деректердi беру саласында ғылымды қажетсiнетiн технологияларды құру жөнiндегi ғылыми-зерттеу және тәжiрибелi-конструкторлық жұмыстарды жүргiзу.
3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
Қоғамның жарғылық капиталын республикалық бюджет есебiнен
1425000000 (бiр миллиард төрт жүз жиырма бес миллион) теңге мөлшерiнде қалыптастыруды;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағында көзделген мәселелердi реттеуге бағытталған қаулының жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
Қоғамның Жарғысын бекiтсiн және әдiлет органдарында оның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiне берсiн;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi
21-78-жолмен толықтырылсын:
"21-78. "Kazsatnet" ҰК" АҚ";
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 278-1-жолмен толықтырылсын:
"278-1. "Kazsatnet" ҰК" АҚ";
3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 06.04.2011 № 377 Қаулысымен. (08.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия