Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.04.2014
"Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 127-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 468-ө-м Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 17 қаңтарда № 8278 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 14.06.2014 жылдан бастап ҚР Еңбек халықты әлеуметтік қорғау министрінің 01.04.2014 жылғы № 139-ө Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
1. «Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 127-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6971 тіркелген, 2011 жылғы 15 маусымдағы № 83, 2011 жылғы 16 маусымдағы № 84, 2011 жылғы 17 маусымдағы № 85 «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Еңбек ету қабілетінен айырылу; асыраушысынан айырылу; жұмысынан айырылу; жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылу; жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу әлеуметтік қатер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Мүгедек баланы тәрбиелеуші анасына немесе әкесіне, бала асырап алушыға, қамқоршысына (қорғаншысына) жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті».
2) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаменті (А.Ә. Қайырбекова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бекітілген заңнамалық тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Т.Б. Дүйсеноваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi