Близость слов: Окончание:





Республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерiн резервте қалдыру ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қыркүйектегі N 943 Қаулысы       
Редакция 07.11.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған Республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерiн резервте қалдыру ережесi бекiтiлсiн.
2. "Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 қыркүйектегi N 910 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 36, 369-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
тақырыбындағы және 1-тармақтағы "және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру" деген сөздер алынып тасталсын; 
кiрiспесiндегi "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңына және" деген сөздер алынып тасталсын; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру ережесiнде: 
тақырыбындағы "және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру" деген сөздер алынып тасталсын; 
5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15-тармақтар алынып тасталсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2006 жылғы 29 қыркүйектегі
 N 943 қаулысымен
 бекітілген
Республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерiн резервте қалдыру ережесi
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 07.11.2012 № 1413 (29.09.2006 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерiн резервте қалдыру ережесi (бұдан әрi – Ереже) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңына (бұдан әрi – Заң) сәйкес әзiрлендi және республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерiн резервте қалдыру тәртiбiн айқындайды.
2. Республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерiн резервте қалдыру ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту бойынша бекiтiлген жаратылыстану-ғылыми негiздемелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Жер учаскелерiн резервте қалдыру туралы шешiмдердi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары қабылдайды.
2. Республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшiн жер учаскелерiн резервте қалдыру тәртiбi
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi, құзыретiне жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мәселелерi кiретiн облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары республикалық не жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру немесе кеңейту бойынша бекiтiлген жаратылыстану-ғылыми негiздемеге сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органына ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшiн жерлердi резервте қалдыру туралы ұсыныстар (өтiнiштер) дайындайды.
4. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы көрсетілген ұсыныстарды (өтініштерді) қарау және қажетті материалдарды дайындау үшін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органдар, жер қатынастары жөніндегі облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандық органы, мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындар және басқа да мүдделі органдар өкілдерінің құрамында комиссия құрады, ол мүдделі жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың немесе олардың өкілдерінің қатысуымен республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін қаз-қалпында тексеріп шығады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесі комиссияның жұмыс органы болып табылады.
5. Республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерiн тексеру нәтижелерi жер учаскелерiнiң жоспары (сызбасы) қоса тіркелген, комиссия мүшелерi және жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар немесе олардың өкiлдерi қол қоятын актiмен ресiмделедi.
Жер учаскелерін резервте қалдыру жоспары (сызба) жер қатынастары жөніндегі облыстық (аудандық) уәкілетті органдарда немесе мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарда бар жер кадастры мәліметтерінің негізінде жасалады.
Республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту үшін резервте қалдырылатын жер учаскелерінің қазіргі жай-күйі бойынша материалдарды (жер-кадастрлық карта, аралас және бөтен жер пайдаланушылардың тізбесі, жерлер экспликациясы) комиссияға мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың қатысумен облыстардың жер қатынастары бойынша (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органдары береді.
Жоспар (сызба) бойынша жер учаскелерінің шекарасы шартты түрде немесе табиғи географиялық шептер бойынша айқындалады. Жер учаскелерінің дәл координаттары ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру немесе кеңейту бойынша техникалық-экономикалық негіздеменің құрамында орындалатын жерге орналастыру жобасын әзірлеу кезінде анықталады.
Актiде республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшiн резервте қалдырылатын жер учаскелерiнiң орналасқан жерi, олардың алаңы, сапалық жағдайы, қорғау мен пайдаланудың ұсынылатын режимдерi, оларда ғимараттар мен құрылыстардың бар-жоғы және олардың бағалау құны, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға оларды шаруашылық мақсатында пайдалану режимiн шектеуге байланысты залалдарды өтеуге арналған мемлекеттiк бюджеттiң ықтимал шығыстарын алдын ала бағалау туралы мәлiметтер көрсетіледі.
6. Комиссияның актiсi негiзiнде облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органның республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшiн жер учаскелерiн резервте қалдыру туралы шешiмi қабылданады, онымен резервте қалдырылатын жер учаскелерiнiң шекаралары анықталады, олардың орналасу схемасы мен экспликациясы берiледi, мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiн сақтауды қамтамасыз ететiн оларды пайдалану құқығына шектеулер (ауыртпалықтар) белгiленеді.
Полная версия
ИС BestProfi