Близость слов: Окончание:





"Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 1844 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 708 Қаулысы       Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 1844 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен айқындалған республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесі мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi