Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2015
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияның құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 28 сәуiрдегi N 390 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 18.06.2015 жылғы № 457 Қаулысына сәйкес
Редакция 05.05.2000 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.05.2000 жылғы № 671 Қаулысымен
2. "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 мамырдағы N 553  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 1996 ж., N 19, 164-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
2-тармақтағы "мен оның дербес құрамы" деген сөздер алынып тасталсын; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияның құрамы туралы ережеде: 
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"5. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң төрағасы комиссияның төрағасы болып табылады (лауазымы бойынша)";
6-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың үшiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетi" деген сөздермен
ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң мiндетiн атқарушы
Полная версия
ИС BestProfi