"Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 66-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
Внимание! Документ утратил силу с 05.02.2015
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 31 тамыздағы N 324-І бұйрығымен бекітілген, "Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау Ережесін тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 124-І бұйрығымен бекітілген, N 2810 тіркелген", өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 470-І бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 15 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3286
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 05.02.2015 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес
1. "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-І бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау ережесін тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 31 тамыздағы N 324-І бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 3069 нөмірмен тіркелген, 2004 жылғы 2 қазандағы "Ресми газетаның" N 40 (197) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-І бұйрығымен бекітілген, N 2810 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау ережесін тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесінде:
7-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Жолаушы поездарын тексеру Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетінің басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын тұлға бекіткен жолаушы поездарына тексеру жүргізудің жоспар-кестесіне (3-қосымша) сәйкес жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Тексеру жүргізуге арналған нұсқаманы (2-қосымша) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетінің немесе оның аумақтық органының басшысы береді.";
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
"19-1. Тексеру актісі (1-қосымша) және Тексеру жүргізуге арналған нұсқама (2-қосымша) қатаң есеп беру бланкілері болып табылады.";
3-қосымшадағы "БЕКІТЕМІН" "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетінің басшысы" деген сөздерден кейінгі "немесе оның аумақтық органының" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.С.Мұстафин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Полная версия