«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 05.02.2015
"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 122-І бұйрығымен бекітілген, № 2810 тіркелген "Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау ережесін тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 324-І бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 07 желтоқсандағы № 856 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 17 қаңтарда № 8280 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 05.02.2015 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 122-1 бекітілген, 2810 тіркелген «Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау ережесін тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 324-І бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3069 тіркелген, 2004 жылғы 2 қазандағы "Официальная газета" № 40 (197) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау қағидаларын тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»
«1. Көрсетілген бұйрықпен «Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау қағидаларын тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.»;
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-І бұйрығымен бекітілген, N 2810 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау ережесін тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау қағидаларын тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру қағидаларында»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау қағидаларын тасымалдаушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының «Темір жол көлігі туралы» (бұдан әрі - Заң) 2001 жылғы 8 желтоқсандағы заңына сәйкес әзірленді.
«2. Қағидалар тасымалдаушылардың «Темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысымен бекітілген қағидаларын сақтауға бақылауды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.»;
«3. Бақылау Заң талаптарына сәйкес көліктік бақылау органдарының лауазымды тұлғалары (бұдан әрі - лауазымды тұлғалар) жүзеге асырады.»;
«4. Лауазымды тұлғалар жол жүру құжаттарын сату, ресімдеу және қайта ресімдеу, багажды және жүк-багажын ресімдеу мен тасымалдау тәртібінің шарттарының сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады.»;
«5. Тексерулер жүргізу кезінде лауазымды тұлғалар өз құзыреті шегінде:
Полная версия