Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.03.2013
Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 584 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 қаңтарда № 8304 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 17.07.2013 жылдан бастап ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 13.07.2013 жылғы № 73 Бұйрығына сәйкес
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 67-бабының 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (А. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрық оны мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрiнiң
 2012 жылғы 29 желтоқсандағы
 № 584 бұйрығына
 1-қосымша
Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну
 қағидалары
1. Осы Қағидалар кезектi жоспарлы кезеңге арналған бюджеттiк өтiнiмнiң құрылымын, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң оны жасау және ұсыну тәртiбiн анықтайды.
2. Бюджеттiк өтiнiмдi жасаудың негiзгi мақсаты бюджеттiк бағдарламаны орындаудың қажеттi ресурстары мен нәтижелерi туралы сандық және қаржылық ақпарат негiзiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеген кезде шығыстар көлемiн негiздеу болып табылады.
3. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшiн тиiстi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi:
бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейiнгi мерзiмде - бюджеттiк өтiнiмдердi және стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның қорытындыларын ескере отырып, стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулардың жобаларын;
мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейiнгi мерзiмде - бюджеттiк өтiнiмдердi, стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулардың жобаларын және басым бюджеттiк инвестициялар жөнiндегi ұсыныстарды ұсынады.
Стратегиялық жоспарларды әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға немесе мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органға бюджеттiк өтiнiмдер мен бюджеттiк бағдарламалардың жобаларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 6 мамырдағы № 214 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6265 болып тiркелген) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынады.
Нәтижелердi бағалау жүргiзген жағдайда осы тармақта көрсетiлген құжаттарға бағалау нәтижелерi қоса берiледi.
4. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар:
бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн Қазақстан Республикасының бюджеттiк және өзге де заңнамасына, әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы табиғи нормаларға және мемлекеттiк қызметтер стандарттарына сәйкестiгi тұрғысынан;
Полная версия
ИС BestProfi