Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.05.2021
Объектіге және көлік құралына санитариялық паспорт беру, есепке алу және жүргізу ережесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы N 731 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5899 болып енгізілді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 16 мамырдан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.04.2021 жылғы № ҚР ДСМ-35 Бұйрығына сәйкес   
Редакция 15.02.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Санитариялық паспорт беру, есепке алу және жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С. Оспанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауға жіберсін.
1) "Санитарлық паспорттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 21 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2680 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2004 ж., N 5-8, 911-құжат);
2) "Көлік құралының санитарлық паспортын беру, есепке алу және толтыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 20 сәуірдегі N 349 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2840 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2004 ж., N 21-24, 937-құжат);
3) "Тамақ өнімдерін өндіру мен сақтау объектілеріне, ішкі сауда объектілеріне және көлік құралдарына санитарлық паспорттарды беру, есепке алу және жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 15 қарашадағы N 669 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5022 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2007 жылғы 28 желтоқсанда N 197 (1400) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Денсаулық сақтау министрі                        Ж. Досқалиев
Қазақстан Республикасының
 Денсаулық сақтау министрінің
 2009 жылғы 18 қарашадағы
 N 731 бұйрығымен
 бекітілген
Санитариялық паспорт беру, есепке алу және жүргізу ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже санитариялық паспорт берудің, есепке алудың және жүргізудің тәртібін белгілейді.
2. Санитариялық паспорт - мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға жататын объектінің, көлік құралының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігін растайтын және оларды іске қосуға немесе пайдалануға құқық беретін құжат.
3. Санитариялық паспорт осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес қызметі, пайдаланылуы, қолданылуы, және іске қосылуы адам денсаулығының жай-күйіне және қоршаған ортаға зиянын тигізуі мүмкін объектіге, сондай-ақ көлік құралына беріледі.
2. Объектіге санитариялық паспорт беру,
 есепке алу және жүргізу тәртібі
Полная версия
ИС BestProfi