1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 03.03.2004 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы. 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880
"Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 қаулысының 4-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
2. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы 1880 қаулысымен бекiтiлген
Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы Ереже
I. Жалпы ережелер.
1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) "Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 қаулысына сәйкес құрылады.
2. Комиссия құрамын, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен және пайдаланумен айналысатын Қазақстан Республикасының министрлiктерiнiң, өзге орталық атқарушы және жергiлiктi органдарының, басқа да мекемелерi мен ұйымдарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Комиссияға басшылықты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi орынбасарларының бiрi жүзеге асырады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.01.2002. № 72 қаулысымен. (29.12.1995 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық келiсiмдердi, басқа да шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
4. Комиссия заң тәртiбiмен тiркелген, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен және пайдаланумен айналысатын басқа ұйымдармен және қоғамдық бiрлестiктермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс iстейдi.
5. Комиссияның жұмысшы органы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады (осы министрлiктердiң Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат саны шегiнде), оларға Комиссияның қызметiн ұйымдастыру және оның шешiмдерiнiң орындалуына бақылау жүктеледi.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.01.2002. № 72 қаулысымен. (29.12.1995 жылғы редакцияны қараңыз)
6. Комиссияның тапсыруы бойынша халықаралық iзгiлiк көмек берушiмен дәрiлiк заттардың, жабдықтар мен медициналық бұйымдардың, емдеу-сауықтыру мекемелерiне арналған жабдықтардың тiзбесiн шешу және келiсiп алу құқығы Қазақстан Республикасында тек Денсаулық сақтау министрлiгiне ғана берiледi.
7. Төтенше жағдайларда халықаралық iзгiлiк көмек көрсетiлгенде материалдық құндылықтарды бөлу жөнiндегi жедел шешiм қабылдау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгінiң өкiлiне жүктеледi.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.01.2002. № 72 қаулысымен. (29.12.1995 жылғы редакцияны қараңыз)
II. Комиссияның мiндеттерi мен қызметi
8. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
Полная версия