Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 18.05.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880
"Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 қаулысының 4-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
2. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссияның   құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң 1995 жылғы
 29 желтоқсандағы
 1880 қаулысымен
 бекiтiлген
Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы Ереже
1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) "Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 қаулысына сәйкес құрылады.
1.1. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы   халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады және Үкіметтің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған.  
2. Комиссия құрамын, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен және пайдаланумен айналысатын Қазақстан Республикасының министрлiктерiнiң, өзге орталық атқарушы және жергiлiктi органдарының, басқа да мекемелерi мен ұйымдарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.  
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.01.2002. № 72 қаулысымен, 03.03.2004. № 267 қаулысымен. (29.12.1995 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.  
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.03.2004. № 267 қаулысымен. (20.11.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Комиссия заң тәртiбiмен тiркелген, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен, пайдаланумен және көрсетумен айналысатын басқа ұйымдармен және қоғамдық бiрлестiктермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс iстейдi.  
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.03.2004. № 267 қаулысымен. (20.11.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Комиссияның жұмысшы органы Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылады (осы министрлiктердiң Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат саны шегiнде), оған Комиссияның қызметiн ұйымдастыру және оның шешiмдерiнiң орындалуына бақылау жүктеледi. 
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.01.2002. № 72 қаулысымен, 03.03.2004. № 267 қаулысымен. (29.12.1995 жылғы редакцияны қараңыз)
6. Комиссияның тапсыруы бойынша халықаралық iзгiлiк көмек берушiмен дәрiлiк заттардың, жабдықтар мен медициналық бұйымдардың, емдеу-сауықтыру мекемелерiне арналған жабдықтардың тiзбесiн шешу және келiсiп алу құқығы Қазақстан Республикасында тек Денсаулық сақтау министрлiгiне ғана берiледi.
7. Төтенше жағдайларда халықаралық iзгiлiк көмек көрсетiлгенде материалдық құндылықтарды бөлу жөнiндегi жедел шешiм қабылдау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігiнiң өкiлiне жүктеледi.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.01.2002. № 72 қаулысымен, 22.02.2005. № 156 қаулысымен. (29.12.1995 жылғы редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi