Близость слов: Окончание:





Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнайдың төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспарды бекіту және "Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1072 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 422 Қаулысы
«Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1072 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнайдың төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспар (бұдан әрі - Ұлттық жоспар) бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1072 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарламада:
«Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлімде:
6-тармақтың отыз сегізінші бөлігінің 2) тармақшасы алынып тасталсын.
3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Ұлттық жоспардың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 6 сәуірдегі
 № 422 қаулысымен
 бекітілген
Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнайдың төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспар
1. Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнайдың төгілуінің алдын алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспар (бұдан әрі — Ұлттық жоспар) «Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1072 қаулысына сәйкес әзірленді.
Ұлттық жоспардың мақсаты экологиялық сипаттағы ластануға әкеліп соғатын мұнайдың төгілуіне жедел, тиімді және білікті ден қоюды және олардың зардаптарын жою жөніндегі тиісті операцияларды орындауды қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін құру болып табылады.
Ұлттық жоспардың негізгі міндеті уақтылы, кешенді және тиімді алдын алу шараларын, тәуекелдерді бағалау және қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау негізінде қоршаған ортаға зиянын тигізуге әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтырған, мұнайдың авариялық төгілуіне ден қою даярлығын қамтамасыз ету болып табылады.
2. Авария, қақтығыс кезінде мұнайдың төгілуін болдырмау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, халықты, иеліктегі объектілер мен елдің аумағын табиғи және техногендік сипаттағы зақымдаушы (бұзушы) фактордың әсерінен қорғау мақсатында өндірістік объектілердің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шілдедегі, «Қауіпті өндірістік объектілердегі өндірістік қауіпсіздік туралы » 2002 жылғы 3 сәуірдегі, «Азаматтық қорғаныс туралы » 1997 жылғы 7 мамырдағы, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімшарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Ұлттық жоспардың талаптары Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарына қолданылады.
Полная версия
ИС BestProfi