Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2015
Эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 557 Қаулысы
Қаулының тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.05.2009 жылғы № 713 Қаулысымен (30.06.2007 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 628 Қаулысына сәйкес
«Эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесін бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 21.01.2015 жылғы № 26 Бұйрығын қараңыз
Редакция 14.05.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесі бекітілсін. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.05.2009 № 713 Қаулысымен (30.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 30 маусымдағы
 N 557 қаулысымен
 бекітілген
Тізбенің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы алынатын" деген сөздер алынып тасталды ҚР Үкіметінің 14.05.2009 № 713 Қаулысымен (30.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
Эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесі
1. Эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттардың тізбесі
1. Күкірт диоксиді мен күкірттің басқа да қосылыстары. 
2. Азот оксиді мен азоттың басқа да қосылыстары. 
14. Шаң-тозаң, соның ішінде құрамында асбест бар (өлшемді бөлшектері, талшықтары). 
15. Полихлорлы дибензодиоксиндер мен полихлорлы дибензофурандар. 
16. Елді мекендердің атмосфералық ауасында шекті рұқсатты шоғырлануының (бұдан әрі - ШРШ) және әсер етудің бағдарлы қауіпсіз деңгейіне (бұдан әрі - ӘБҚД) Қазақстан Республикасының санитарлық-гигиеналық нормативтері белгіленген қауіптілігі 1 және 2-сыныптағы өзге де ластаушы заттар мен олардың қосылыстары.
1. Галогендердің органикалық қосылыстары және суда осы   қосылыстарды құрауы мүмкін заттар. 
2. Фосфордың органикалық қосылыстары. 
3. Қалайының органикалық қосылыстары. 
5. Көмірсутегілер мен олардың қосылыстары. 
8. ШРШ немесе ӘБҚД белгіленген пестицидтер (улы химикаттар). 
10. Эфтрофизацияға әсер ететін заттар (нитраттар мен фосфаттар). 
11. Оттегі теңгеріміне қолайсыз әсер ететін заттар. 
12. Мәдени-тұрмыстық, шаруашылық-ауыз су және балық шаруашылығы су пайдалану су объектілеріндегі ШРШ және ӘБҚД Қазақстан Республикасының санитарлық-гигиеналық нормативтері белгіленген қауіптілігі 1 және 2-сыныптағы өзге де ластаушы заттар мен олардың қосылыстары.
2. Қалдықтар орналастыру нормативтері белгіленетін қалдықтар түрлерінің тізбесі
Полная версия
ИС BestProfi