Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 04.03.2014
Теңіз көлігі саласында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1008 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 17.05.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 04.03.2014 жылғы № 173 Қаулысына сәйкес
Редакция 18.06.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Салынып жатқан кемеге меншік құқықтарын салынып жатқан кемелер тізілімінде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Шет мемлекеттің туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1008 қаулысымен бекітілген
«Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің аумақтық бөлімшесі болып табылатын порттың теңіз әкімшілігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – министрлік) 013000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Өмірзақ ауылы мекенжайы бойынша көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 16-бабы
1-тармағы 3) тармақшасының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты министрліктің интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжайында орналастырылған.
5. Көрсетілетін қызметтің аяқталу нысаны министрліктің шетелдік теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешімі (бұдан әрі – министрліктің шешімі) негізінде бербоут-чартер шартымен жалға алынған шетелдік кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлікті (бұдан әрі – куәлік) беру немесе куәлікті беруден бас тарту туралы дәлелді жауап беру немесе қағаз түрінде министрліктің шешімін беруден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет қазақстандық кеме жалдаушыға, Солтүстiк Каспий бойынша өнiмдi бөлу туралы 1997 жылғы 18 қарашадағы келiсiмге сәйкес Қазақстан Республикасында белгiленген тәртiппен тiркелген Каспий теңiзiнде қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаларға (мердiгер компаниялар, оператор, агенттер, қосалқы мердiгерлер) (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
Полная версия