Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2020
Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы N 58 қаулысы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 28 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1482.
 Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 № 252 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2019 жылғы № 231 Қаулысына сәйкес
Редакция 14.02.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасында касса операцияларын және қолма-қол ақша айналымын ұйымдастыруды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидалары бекітілсін және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн.
 1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 № 252 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы бекiтiлген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде касса операцияларын жүргізу ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 394 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 156 қаулысымен.
3. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу басқармасы (Мәжитов Д.М.):  
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;  
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына жіберсін;  
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына осы қаулыны екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберуге міндеттесін.
3-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 156 қаулысымен.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін.     
Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрлігі

Вице-Министрі
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 3 наурыздағы
N 58 қаулысымен бекітілген
Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидалары
 Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 № 252 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Жалпы ережелер
 1-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 № 252 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-параграф. Банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы кассалық операциялар және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операциялар
 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 № 252 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу тәртібін, сондай-ақ қолма-қол ақшаны, басқа құндылықтарды сақтауды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда, олардың филиалдарында (бұдан әрі – банктер) касса тәртібінің сақталуына бақылауды қамтамасыз ету үшін қажетті талаптарды белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 жылғы № 230 Қаулысына сәйкес (27.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалардың нормалары қызметінің айрықша түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын уәкілетті ұйымдарға қолданылмайды.
 1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2012 № 252 (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi