Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.04.2019
Мемлекеттік стандарттау жоспарларын әзірлеу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі N 41 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6277 болып енгізілді
Тақырып өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 12.12.2013 жылғы № 410 Бұйрығымен (12.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 11 сәуірден бастап ҚР Инвестициялар және даму министірінің 07.12.2018 жылғы № 862 Бұйрығына сәйкес
Редакция 12.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік стандарттау жоспарларын әзірлеу қағидасы бекітілсін
1-бөлім өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 12.12.2013 жылғы № 410 Бұйрығымен (12.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. «Мемлекеттік стандарттау жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 106 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3639 тіркелген, 2005 жылы 5 қарашада «Ресми газетінде» № 46 (254) жарияланған) күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Ғ.М. Мұхамбетов) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.С. Камалиевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар
министрі міндетін атқарушының
2010 жылғы 23 сәуірдегі № 41
бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік стандарттау жоспарларын әзірлеу қағидасы
Ереже өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 12.03.2013 жылғы № 74 Бұйрығымен (23.04.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.10.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағида өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 12.12.2013 жылғы № 410 Бұйрығымен (12.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Осы Мемлекеттік стандарттау жоспарларын әзірлеу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 25-бабына сәйкес әзірленген және мемлекеттік стандарттау жоспарларын (бұдан әрі - Жоспар) әзірлеу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағида мемлекеттік органдарға, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерге, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға таратылады.
3. Жоспар 3 жылға әзірленіп, бекітіледі, жыл сайын енгізілетін өзгерістер және/немесе толықтырулар ескеріліп қайта қаралады.
1) стандарттардың мемлекетаралық жіктеуіші (МЖ (ИСО/ИНФКО МСЖ) 001-96) бойынша коды;
2) стандарттау жөніндегі нормативтік құжат жобасының атауы;
7) ұсыныс-өтінімді берген өтініш беруші - ұйым.
5. Жоспар Қазақстан Республикасында стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру мақсатында, оның ішінде техникалық регламенттерге дәлел қор құру, халықаралық стандарттарға көшу арқылы жалпы ұлттық сипаттағы міндеттерді, жұмыстар, қызметтер көрсету, процестер, бәсекеге қабілетті өнімді өндіру қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құжаттарда бар талаптардың қайталануын болдырмау мақсатында әзірленеді.
6. Жоспарды техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган), техникалық реттеу субьектілерінің, стандарттау жоніндегі техникалық комитеттердің ұсыныстары негiзiнде Қазақстан Республикасының экономика салаларының қажеттiктерiн есепке алып, қолданыстағы нормативтiк құжаттарға алдын ала талдау жүргiзу негiзiнде техникалық регламенттерге дәлел қор қалыптастыру және дамыту және техникалық реттеу бойынша мүдделi субъектiлердi (өнiм өндiрушiлер, тұтынушылар) тарта отырып, ұлттық стандарттарды және мемлекетаралық стандарттарды әзiрлеу қажеттiліктерiн есепке ала отырып әзірлейді.
7. Жоспарларды әзiрлеу кезінде Қазақстан Республикасы Президентiнің және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптар, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк және экономикалық дамуының және ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарлары ескерiледi.
8. Жоспарда ұлттық стандарттардың мынадай түрлерi мен стандарттау жөнiндегi өзге де нормативтiк құжаттар қамтылады:
1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің жалпы ұйымдастыру-әдістемелік ережелерін белгілейтін негізге алынатын стандарттар;
2) өнімдер, қызметтер көрсетудің біртекті топтарына және қажет жағдайда нақты өнімге, қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін өнімге, қызметтер көрсетуге арналған стандарттар;
4) өнімді, қызметтер көрсетуді, процестерді бақылау әдістеріне арналған стандарттар;
5) Қазақстан Республикасы техникалық-экономикалық ұлттық ақпараттың жiктеуiштерi;
9. Алдымыздағы жылдың 1 қарашасына дейін стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және техникалық реттеу субъектілерінің жіберетін ұсыныс-өтінімдерін, уәкілетті орган Жоспарды қалыптастырудың басталғаны туралы ақпаратты www.memst.kz интернет-ресурсында (бұдан әрі Интернет-ресурс) орналастырады.
10. Техникалық реттеу субъектілері жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей уәкілетті органға осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарына ұсыныс-өтінімдерді (бұдан әрі – ұсыныс-өтінімдер) жібереді.
Осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша стандарт әзірлеуге арналған техникалық-экономикалық негіздеме ұсыныс-өтінімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
11. Мемлекетаралық стандарттарды әзірлеуге арналған ұсыныс-өтінімдер Мемлекетаралық стандарттау бойынша жұмыстар бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) қосу үшін Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі бюроға жіберіледі.
12. Ұсыныс-өтінімдер Бағдарламаға қосылғаннан кейін, аталған тақырыптар Жоспарға енгізіледі.
13. Уәкілетті орган келіп түскен ұсыныстарға талдау жүргізеді және жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей Жоспар жобасын осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қалыптастырады.
14. Жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейін қалыптастырылған Жоспар жобасын уәкілетті орган Интернет-ресурста техникалық реттеудің барлық мүдделі субъектілері қарастыруы үшін орналастырады. Жоспар жобасын орналастыру туралы уәкілетті орган жазбаша түрде мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына Интернет-ресурсқа орналастырған сәттен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде хабарлайды
15. Уәкілетті орган Жоспар жобасын Интернет-ресурста орналастырғаннан кейін күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде жазбаша түрде келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды қарастыруды жүзеге асырады.
16. Ескертулер мен ұсыныстарды қарастырғаннан кейін уәкілетті орган Жоспар жобасының соңғы редакциясын қалыптастырады және жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде уәкілетті орган жанындағы Техникалық реттеу және метрология жөніндегі ғылыми-техникалық комиссияның (бұдан әрі – ҒТК) қарауына ұсынады.
Жоспар жобасына келіп түскен ұсыныс - өтінімдер мен түсіндірме жазба қоса беріледі. Түсіндірме жазбада әзірлеуге келіп түскен ұсыныс - өтінімдердің жалпы санын, себептерін көрсете отырып, қабылданбаған өтінім-ұсыныстардың саны туралы ақпарат, жоспарланған жұмыстарға, белгіленетін басым бағыттарға, нормативтік құжаттардың санаттары мен түрлеріне, жұмыс түрлеріне, әзірлеушінің жұмысты орындау мерзімдеріне, әзірлеменің өтпелі тақырыбына, қаржыландыру көздеріне талдамалық шолу қамтылады.
17. Уәкілетті орган ҒТК қабылдаған шешімі туралы, ұсыныс-өтінімдерді берген мемлекеттік органдар мен ұйымдарға күнтізбелік 15 күн ішінде жазбаша түрде хабарлайды.
18. Жоспар жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 20 маусымына дейін уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі және күнтізбелік 30 күн мерзімінде Интернет-ресурста және Қазақстан Республикасы стандарттарының кезекті ақпараттық сілтемесінде жарияланады.
19. Уәкілетті орган Жоспардың қолданылу кезеңінде техникалық реттеуге мүдделі субъектілердің, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің жазбаша ұсыныстары негізінде оған өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізеді.
20. Техникалық реттеуге мүдделі субъектілердің, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің ұсыныстарын уәкілетті орган Жоспарға ҒТК-ның шешімі негізінде енгізеді.
21. Уәкілетті орган ҒТК-ның қабылдаған шешімдері туралы ұсыныстарды берген техникалық реттеу субъектілеріне, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерге ҒТК-ның шешім қабылдаған сәтінен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде жазбаша түрде хабарлайды.
22. Жоспарға енгізілетін өзгерістер және/немесе толықтырулар жылына кемінде 3 рет енгізіледі.
Мемлекеттік стандарттау
 жоспарларын әзірлеу
 қағидасына 1-қосымша
Мемлекеттік стандарттау жоспарларына берілетін ұсыныс-өтінім
___________________________________________________________________
өтінім берушінің толық атауы мен мекенжайы
р/с № МСЖ коды (МЖ (ИСО/ИНФКО МСЖ) 001-96) Әзірленетін стандарттау жөніндегі нормативтік құжат атауы Әзірлеменің негіздемесі Негізгі нормативтік база Жұмыстарды орындау мерзімі Қаржыландыру көзі Ұсыныс-өтінімді берген өтініш беруші ұйым
әзірлеуді бастау жобаның соңғы редакциясын уәкілетті органға бекітуге ұсыну
1 2 3 4 5 6 7 8 9
201_ жылға арналған ұсыныс-өтінімдер


















201_ жылға арналған ұсыныс-өтінімдер


















201_ жылға арналған ұсыныс-өтінімдер


















(басшының, басшы орынбасарының лауазымы) (жеке қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
(орындаушының лауазымы) (жеке қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Мемлекеттік стандарттау
 жоспарларын әзірлеу
 қағидасына 2-қосымша
Стандартты әзірлеуге арналған техникалық–экономикалық негiздеме
_______________________________________________________
 жұмыстар түрінің атауы және стандарттың атауы
Техникалық-экономикалық негiздеме мыналардан тұруға тиіс:
стандарт жобасын және әзiрленетiн стандарттау обьектісіне қойылатын талаптарды белгiлеу қажеттiлігi, өзектiлiгi, мақсатқа сәйкестігі туралы мәлiметтер, олардың нақты негiздемесі (бұл ретте әзiрленетiн стандарт өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға, Қазақстан Республикасының дайындаушысы мен тұтынушысын қорғауға бағытталғаны туралы мәлiметтер келтіру қажет);
дайындаушы мен тұтынушының әзiрленетiн стандарттау обьектісіне мүдделiлігі туралы мәлiметтер және/немесе хат;
стандарттау объектісінің жай-күйі туралы мәлiметтер және оның сипаттамасы;
стандарттау объектісінің халықаралық, өңiрлiк және басқа да мемлекеттердiң ұлттық стандарттары талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер;
осы стандарттау объектісіне қатысты ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды талдау туралы мәлiметтер;
өткiзiлген ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және алынған нәтижелер (болған жағдайда) туралы мәлiметтер;
осы стандарттау объектісіне қойылатын талаптарды белгiлейтiн стандарттау бойынша нормативтiк құжаттардың болмауы немесе оларды қайта қарау, олардың күшін жою қажеттiлігi туралы мәлiметтер;
аналогиялық құжаттардың қолданылу кезінде ұлттық немесе мемлекетаралық стандартты әзiрлеудің мақсатқа сәйкестігі туралы негіздеме (мысалы МЕМСТ қолданылатын жағдайда ҚР СТ әзірлеу);
осы стандарттау объектісіне қатысты ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды талдау туралы мәлiметтер;
стандарттау объектісінің стандарттаудың басқа да объектілерімен өзара байланысы және олармен әзiрленiп отырған стандарт өзара байланысты болуға тиіс қолданыстағы нормативтiк құжаттарды талдау туралы мәлiметтер.
(басшының лауазымы) (жеке қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
(орындаушының лауазымы) (жеке қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Мемлекеттік стандарттау
 жоспарларын әзірлеу
 қағидасына 3-қосымша
е/с № МСЖ коды (МЖ (ИСО/ИНФКО МСЖ) 001-96) Стандарттау жөніндегі нормативтік құжат жобасының атауы Әзірлеменің негіздемесі Негізгі нормативтік база Жұмыстарды орындау мерзімі Қаржыландыру көзі Ұсыныс-өтінімді берген өтініш беруші ұйым
әзірлеуді бастау жобаның түпкілікті редакциясын уәкілетті органға бекітуге ұсыну
1 2 3 4 5 6 7 8

20 __ жылға арналған мемлекеттік стандарттау жоспары
1-бөлім Техникалық реттеу және метрология саласындағы негізге алынатын ұлттық стандарттарды әзірлеу


















2-бөлім Экономика секторларында ұлттық стандарттарды әз i рлеу


















3-бөлім Қазақстан Республикасының ұлттық ж i ктеу i штер i


















4-бөлім Стандарттау жөн i ндег i мемлекетаралық бағдарламалар шеңбер i нде стандарттар әз i рлеу


















20 __ жылға арналған мемлекеттік стандарттау жоспары
1-бөлім Техникалық реттеу және метрология саласындағы негізге алынатын ұлттық стандарттарды әзірлеу


















2-бөлім Экономика секторларында ұлттық стандарттарды әз i рлеу


















3-бөлім Қазақстан Республикасының ұлттық ж i ктеу i штер i


















4-бөлім Стандарттау жөн i ндег i мемлекетаралық бағдарламалар шеңбер i нде стандарттар әз i рлеу


















20 __ жылға арналған мемлекеттік стандарттау жоспары
1-бөлім Техникалық реттеу және метрология саласындағы негізге алынатын ұлттық стандарттарды әзірлеу


















2-бөлім Экономика секторларында ұлттық стандарттарды әз i рлеу


















3-бөлім Қазақстан Республикасының ұлттық ж i ктеу i штер i


















4-бөлім Стандарттау жөн i ндег i мемлекетаралық бағдарламалар шеңбер i нде стандарттар әз i рлеу


















1. 1-бағанда әзiрленетiн құжаттың реттiк нөмiрi көрсетiледi.
2. 2-бағанда стандарттардың мемлекетаралық жiктеуiшi МЖ (ИСО/ИНФКО МСЖ) бойынша коды көрсетiледi.
3. 3-бағанда әзiрленетiн стандарттау жөніндегі нормативтік құжат жобасының атауынан кейiн жұмыстардың мынадай түрлерi көрсетiледi:
- «Алғашқы рет» (жаңа стандарттау жөніндегі құжаттар үшін);
- «ҚР СТ/МЕМСТ орнына» (ҚР СТ немесе МЕМСТ қайта қараған жағдайда);
4. 4-бағанда жұмыстардың басым бағыттары, өзектілігі және нормативтік құқықтық актілер (мемлекеттік бағдарламалар, техникалық регламенттер және т.б.) көрсетiледi.
5. 5-бағанда жобаны әзірлеуде қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және жобалау жұмыстары, патенттік зерттеулер атаулары мен белгілері көрсетіледі.
Полная версия
ИС BestProfi