Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 25.03.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 353 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 11 маусымдағы N 567 қаулысымен бекiтілген Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сыртқы экономикалық қызметінің жалпы тауар номенклатурасы туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн: 
1) "Түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинаумен (дайындаумен), сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын шаруашылық субъектiлерiнiң қызметiн бақылауды күшейту жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 6 қаңтардағы N 23  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 1, 8-құжат): 
бiрiншi абзацта "Экономика, индустрия" деген сөздер "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын; 
екiншi абзацта "Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың  сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөнiндегi қызметiн лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 қыркүйектегi  N 969 " деген сөздер "Қайталама қара және түстi металдар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 наурыздағы  N 383 " деген сөздермен ауыстырылсын; 
2-тармақта "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгімен" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетімен" деген сөздермен ауыстырылсын; 
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Кедендiк бақылау комитетi Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының* (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ СЭҚ TH) 7204**, 7404 00 кодтары бойынша қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын және ЕурАзЭҚ СЭҚ TH 7601 20 910 0, 7601 20 990 0, 7606 11 990 0, 7606 12 500 0, 7606 12 990 0, 7606 91 000 0, 7606 92 000 0, 7616 99 100 0 кодтары бойынша олардан жасалған бұйымдарды, сондай-ақ ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН 7302, 8607** кодтары бойынша қолданыста болған рельстердi, темiр жол төсенiші мен жылжымалы құрамның элементтерiн Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан контрабандалық әкетудiң жолын кесу мақсатында тек қана темiр жол және теңiз көлігімен экспорттауға рұқсат берсiн. 
* Тауар номенклатурасы тауардың ЕурАзЭҚ СЭҚ TH кодымен де, атауымен де белгiленедi. 
** Көлiк түрлерi бойынша экспортты шектеу көрсетiлген тауарлар нақты жағдайда баратын елi болып табылатын Еуропалық Одаққа мүше елдердiң аумағына экспортталған жағдайда қолданылмайды."; 
мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын: 
"3-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендік бақылау комитетi қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарының, сондай-ақ бұрын қолданыста болған рельстердiң, темiр жол төсенiшi мен жылжымалы құрам элементтерiнiң транзитi кезiнде iлеспе құжаттарда көрсетiлген жүктiң нақты болуына бақылауды күшейтсiн."; 
2) "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша кеден төлемдерi мен салықтарының төленуін мiндеттi түрде қамтамасыз ете отырып, өткiзiлетiн тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 4 маусымдағы N 524  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 25, 230-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша кеден төлемдерi мен салықтарының төленуiн мiндетті түрде қамтамасыз ете отырып, өткізілетін тауарлардың тiзбесiнде: 
"СЭҚ TH коды" деген бағанның тақырыбы "СЭҚ ТН" деген сөздердiң алдынан "ЕурАзЭҚ" деген сөздермен толықтырылсын; 
реттiк нөмiрi 2-жолдағы "шарабы" деген сөзден кейiнгі "," тыныс белгісi ";" тыныс белгiсiмен ауыстырылсын; 
Полная версия
ИС BestProfi