Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.02.2014
"Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 395 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 06.05.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 19.02.2014 жылғы № 114 Қаулысына сәйкес
Медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 525-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдері:
1) жұмыс істеп тұрған денсаулық сақтау ұйымдары желісінің номенклатурасын осы қаулыға сәйкес келтірсін;
2) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамыту мен оларды қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативінде:
«1. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:
1) бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:
аудандық емхана (бұдан әрі – АЕ) аудан орталығында құрылады;
медициналық пункт халқының саны 50 (елу) адамнан 800 (сегіз жүз) адамға дейінгі ауылдық елді мекендерде (бұдан әрі – АЕМ) құрылады;
фельдшерлік-акушерлік пункт халқының саны 800 (сегіз жүз) адамнан 2000 (екі мың) адамға дейінгі АЕМ-де құрылады;
дәрігерлік амбулатория (отбасылық денсаулық орталығы) халқының саны 2000 (екі мың) адамнан 10000 (он мың) адамға дейінгі АЕМ-де құрылады;
ауылдық емхана бекітілген халқының саны 10000 (он мың) адамнан және одан асатын халқы тығыз орналасқан АЕМ-де құрылады;
қалалық емхана (бұдан әрі – ҚЕ) бекітілген халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан асатын қалаларда бір аумақтық учаске шегінде, бірақ кемінде бір ҚЕ құрылады;
дәрігерлік амбулатория бекітілген халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан кем емес бір аумақтық учаске шеңберінде қалалық елді-мекендерде құрылады.
2) консултациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:
консултациялық-диагностикалық орталық облыстарда, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                К. Мәсімов
Полная версия
ИС BestProfi