Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 24.09.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
«Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 153 Қаулысы
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 633-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентте:
9 және 15-тармақтарда «Техникалық регламентке 3-қосымшаға сәйкес» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
3. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін Техникалық регламенттің 63-тармағын қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 1 наурыздағы
 № 153 қаулысымен
 бекітілген
«Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1. Осы «Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) техникалық реттеу объектілері болып табылатын бензиннің (ҚР СЭҚ ТН коды 2710114100-2710114900), дизель отынының (ҚР СЭҚ ТН коды 2710194100-2710194900) және мазуттың (ҚР СЭҚ ТН коды 2710196100-2710196900) қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Сипаттамасы Техникалық регламентте белгіленген сипаттамалардан өзгеше, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс бойынша мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жеткізілетін бензинді, дизель отынын және мазутты (бұдан әрі - отын) айналымға шығаруға және оның айналымына рұқсат беріледі.
3. Отынның тіршілік циклі үдерісінде мұқият болуға тиіс негізгі қауіпті факторлар (тәуекелдер) мыналар:
1) отынды өндіру, қолдану, тасымалдау, орау және сақтау кезінде отты ұқыпсыз қолдану;
2) көзге тиюі, ас қорыту жүйесіне түскенде, адамның шырышты қабықшасына және терісіне тиіп кету;
3) орамының дұрыс жабылмауы және отынның төгіліп кетуі;
Полная версия
ИС BestProfi