"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
"Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы N 803 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған "Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы N 803 қаулысымен бекітілген
"Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Қолданылу аясы
1. Осы "Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - техникалық регламент) Қазақстан Республикасының " Өрт қауіпсіздігі туралы " 1996 жылғы 22 қарашадағы, " Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы " 2002 жылғы 3 сәуірдегі, " Қауіпсіздік және еңбек қорғау туралы " 2004 жылғы 28 ақпандағы, " Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңдарын іске асыру мақсатында әзірленді.
2. Осы техникалық регламенттің талаптары өндірістік және басқа да объектілердегі (бұдан әрі - объектілердегі) қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуге арналған сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қолданылады.
3. Осы техникалық регламент мынадай өнім түрлеріне:
1) барлық көлік, көлік құралдары және жол қозғалысының түрлеріне жарықтық сигнал беру жабдықтарына қолданылатын түстерге;
2) баллондардың, құбырлардың, газдар мен сұйықтықтарды сақтауға әрі тасымалдауға арналған сыйымдылықтардың түстеріне, белгілеріне және таңбалау қалқандарына;
3) жол белгілері мен белгілеулер, темір жолдардың жол және сигналдық белгілері, барлық көлік құралдары (көтеру-көліктік механизмдердің, зауытішілік, жолаушылар және қоғамдық көліктердің қауіпсіздігіне арналған белгілерден басқа) қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған белгілерге;
4) тасымалдау мен сақтаудың арнайы талаптарын қажет ететін қауіпті жүктерді, жүк бірліктерінің белгілері мен таңбалауларға;
5) электртехниканың белгілеріне қолданылмайды.
2. Терминдер мен анықтамалар
4. Осы техникалық регламентте Қазақстан Республикасының " Техникалық реттеу туралы ", " Өрт қауіпсіздігі туралы ", " Қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы " Заңдарында көрсетілген терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады:
1) қалдық жарықтанудың ұзақтығы - жарық көздері ажыратылғаннан кейін қауіпсіздіктің фотолюминесцентті белгілерінің, сигналдық белгілеулер мен материалдардың сәулелену жарықтылығының көру мүшесінің сезімталдық шегінен 100 есе (0,3 мкд/м 2 ) асатын белгіге дейін төмендейтін уақыты;
Полная версия