1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі (бұдан әрі - мемлекеттік норматив) бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 27.08.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 Қаулысы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдері:
1) 2010 жылғы 1 наурызға дейін жұмыс істеп тұрған денсаулық сақтау ұйымдары желісінің номенклатурасын осы мемлекеттік нормативке сәйкес келтірсін;
2) 2010 жылғы 15 наурызға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне осы қаулының іске асырылуы жөнінде ақпарат берілуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2010 жылғы 15 сәуірге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне орындалған іс-шаралар туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 сәуірдегі № 494 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 18, 163-құжат) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі
1. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:
1) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары:
аудандық емхана (бұдан әрі - АЕ) тұрғын халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан асатын аудан орталығында құрылады және консультациялық-диагностикалық бөлімшені, жалпы практика және (немесе) учаскелік қызмет бөлімшесін, жедел медициналық жәрдем станциясын (бөлімшесін), сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін мынадай құрылымдық бөлімшелерді қамтиды:
медициналық пункт бекітілген халқының саны 50 (елу) адамнан 800 (сегіз жүз) адамға дейінгі ауылдық елді мекендерде (бұдан әрі - АЕМ) құрылады;
фельдшерлік-акушерлік пункт бекітілген халқының саны 800 (сегіз жүз) адамнан 2000 (екі мың) адамға дейінгі АЕМ-де құрылады;
дәрігерлік амбулатория бекітілген халқының саны 2000 (екі мың) адамнан 10000 (он мың) адамға дейінгі АЕМ-де құрылады;
Полная версия