Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2017
Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы N 1070 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес
«Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 10.11.2015 жылғы № 1061 Бұйрығын қараңыз
Редакция 30.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2011 жылғы 27 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасының 9-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 18 қазандағы
 № 1070 қаулысымен
 бекітілген
Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасы
Қағида өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2013 жылғы № 1431 Қаулысымен (21.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Осы Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго, 1944 ж.) 6-қосымшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидада коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардың азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларын сертификаттау, оларға пайдаланушы сертификатын (бұдан әрі – пайдаланушы сертификаты) беру, тоқтата тұру және қайтарып алу тәртібі айқындалады.
3. Пайдаланушы сертификаты қолданылу саласы мен мерзімі көрсетіліп, 2 жыл мерзімге беріледі және басқа тұлғаға беруге жатпайды.
4. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын алғаш рет алған Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғасы Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) тіркеледі, онда оған үш әріптік код пен телефонның шартты түрде шақыру белгісі беріледі. Тіркеу азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ИКАО) сұрау жіберуі арқылы жүзеге асырылады.
5. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау мемлекеттік бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
5-тармақ қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 30.12.2013 жылғы № 1431 Қаулысына сәйкес
6. Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) өтінім – өтініш берушінің сертификаттау рәсімдерінен өту үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жазбаша өтініші;
2) өтініш беруші – азаматтық әуе кемесін пайдаланушының сертификатын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;
3) сертификаттық тексеру – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын өтінім берушінің құралдарын, жабдықтарын, пайдалану рәсімдерін, технологиялық процестерін, құжаттамасын, ұйымдық құрылымын, әкімшілік, ұшу және жер бетіндегі персоналының құзыретін сертификаттау талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру;
Полная версия
ИС BestProfi