Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Азаматтық қызметшілерді аттестациядан өткізу шарттарын және ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 20 шілдедегі N 168-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 17 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4883 болып енгізілді.
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2015 жылғы № 971 Бұйрығына сәйкес
Редакция 08.11.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 233-бабына сәйкес азаматтық қызметшілердің кәсіби және біліктілік дайындығы деңгейін, іскерлік қасиетін айқындау мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қызметшілерді аттестациядан өткізу шарттары және ережесі бекітілсін.
2. Құқықтық қамтамасыз ету және ақпараттық талдау жұмысы департаменті (Сарбасов А.А.) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі А.М. Құрмановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек
 және халықты әлеуметтік қорғау
 министрінің
 2007 жылғы 20 шілдедегі N 168-ө
 бұйрығымен бекітілген
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың азаматтық қызметшілерін аттестациядан өткізу шарттары және ережесі
1. Осы Азаматтық қызметшілерді аттестациядан өткізу шарттары және ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 233-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде, оның ведомствосында және олардың аумақтық органдарында, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағындағы қазыналық кәсіпорындарда, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың, халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлерден басқа азаматтық қызметшілерін (бұдан әрі – қызметшілер) аттестациядан өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.06.2011 жылғы № 238-ө Бұйрығымен (20.07.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.08.2011 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы Ереже оларды аттестаттау «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 1353 қаулысына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік кәсіпорын басшыларына қолданылмайды.
2-тармақ өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.11.2013 жылғы № 545-ө-м Бұйрығымен (28.06.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
3. Қызметшілерді аттестациялау - олардың кәсіптік-біліктілік даярлығының, іскерлік қасиеттерінің деңгейін айқындау, біліктілік санатын (дәреже) белгілеу жөнінде кезеңдеп жүзеге асырылатын рәсім.
4. Аттестациялау кезінде негізгі бағалау өлшемі қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындау қабілеті болып табылады.
5. Жүкті әйелдерден басқа барлық қызметшілер аттестациядан өтеді.
6. Біліктілік санаты (дәрежесі):
6-тармақ өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.11.2013 жылғы № 545-ө-м Бұйрығымен (28.06.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
1) «Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7755 болып тіркелді);
2) Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік бірыңғай анықтамалығына;
3) «Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 2 ақпандағы № 31-ө-м бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7442 болып тіркелді);
Полная версия
ИС BestProfi