Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 233-бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
"Азаматтық қызметшілерді аттестациядан өткізу шарттарын және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 20 шілдедегі № 168-ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 238-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде 2011 жылы 19 шілдеде № 7076 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2015 жылғы № 971 Бұйрығына сәйкес
1. «Азаматтық қызметшілерді аттестациядан өткізу шарттарын және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 20 шілдедегі № 168-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4883 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2007 жыл, маусым-тамыз) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қызметшілерді аттестациядан өткізу шарттары және ережесінде:
«1. Осы Азаматтық қызметшілерді аттестациядан өткізу шарттары және ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 233-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде, оның ведомствосында және олардың аумақтық органдарында, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағындағы қазыналық кәсіпорындарда, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың, халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлерден басқа азаматтық қызметшілерін (бұдан әрі – қызметшілер) аттестациядан өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.».
2. Әлеуметтік көмек департаменті (Қ.А. Манабаева):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г. Әбдіқалықова
Полная версия